ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

БИЫЛ АСТЫҚ АЗ ШЫҚТЫ

20:43, 3 қыркүйек 2019

Биыл астық аз шықты. Былтыр 22 миллион тонна жиналса, осы жылы 19 миллион тонна көлемінде бидай орылады деген болжам бар. Бұл жағдайға басты себеп қолайсыз ауа райы деді Ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаров. Егін мәселесі бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібіне еніп жан-жақты талқыланды. Ала-жаздай болған аптап ыстықтың салдарынан Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы алқаптарда шығым азайған. Ендігі міндет бар бидайды рәсуа қылмай, мерзімінде жинап алу қажет. Осы ретте, Премьер-министр Асқар Мамин егін орағына күн сайын мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды. Техника мен жанар-жағармайдан тапшылық жоқ екені айтылды. Министр Сапархан Омаровтың айтуынша, биылғы бидай көлемі ішкі нарықты қамтуға толық жеткілікті және бидай көлемінің азаюы нан бағасына ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді.

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
20:35, 26 ақпан 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:26, 26 ақпан 2020
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...