ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҚУАТЫ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНДЕ! Толығырақ

БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ

20:31, 16 мамыр 2019

Көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау үшін егіс алқаптарында дән себу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл майлы дақылдар алқабы 46 мың гектарға ұлғайтылды. Алқаптарды әртараптандыру - нарық қажеттілігі екенін шаруалар жақсы біледі. Сондықтан, рапс, зығыр, күнбағыс егуге басымдық берілген. Ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың сөзінше, дән себу жұмыстарына 23 мың трактор, 900 өнімділгі жоғары техникалар тартылған.

Биыл егіс алаңының аумағы шамамен 5,3 млн гектарға тең. Оның 70% жуығы  бидайға тиесілі. Алқаптарды әртараптандыру жұмыстары биыл да жалғасады. Майлы дақылдар мен жемшөп дақылдарының егістігі кеңейтілмек. Көкөніс пен картоп алқабы да ұлғайтылады.  Бүгінгі күні егіс алқаптарының біразы игерілді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше жауапты науқанға 23 мың трактор, 22 мың дән  сепкіш, 913 жоғары өнімді егін егу кешендері  тартылған. Көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізу үшін шаруаларға мемлекет тарапынан жәрдем жасалды. Арзандатылған бағамен 71 мың тонна жанар жағар мй  бөлінбек. 1 литрдің бағасы – 183 тг құрайды. Бүгінгі күнге, облысымызға 46 мың тонна дизель отыны жеткізілді.  

Дәнді оңтайлы мерзімде себу. Бұл мол өнім алудың кепілі. Биыл  680 мың тонна бидай сыртқы нарыққа жөнелтілді. Негізгі экспорталатын мемлекеттер тізімінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Иран елдері.Былтыр  аймақ аграрийлері Отан қамбасына  5 млн гектар астық құйған болатын. Дихандар қауымы биыл да егіннің бітік шығатынына бек сенімді.

Тақырып бойынша материалдар

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ  ЖӘРДЕМІ МОЛ
20:33, 25 маусым 2019
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖӘРДЕМІ МОЛ
Толығырақ...
ТАБЫСТЫ ЖАРИЯ ЕТУ МЕН ЗАҢДАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
20:30, 25 маусым 2019
ТАБЫСТЫ ЖАРИЯ ЕТУ МЕН ЗАҢДАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Е.ӘБІЛ: ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ
18:00, 21 маусым 2019
Е.ӘБІЛ: ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫ...
Толығырақ...
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
18:04, 21 маусым 2019
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІР...
Толығырақ...
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
18:16, 21 маусым 2019
АТТРАКЦИОНДАР МЕН БАТУТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...