ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

БИЛІК ПЕН БҰҚАРА: АУДАН ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

20:01, 5 ақпан 2020

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жұмыстар кейбір елді мекендерде сылбыр жүргізілуде. Интернеттің баяулығы мәселен Сатай ауылындағы кәсіпкерлер үшін ыңғайсыздық туғызуда. Ұзынкөл ауданы әкімінің халық алдында есеп беру жиынына келген шағын бизнес өкілдері осылай деді. Ал, Новопокровтықтарды 48 жылдан бері жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткен жергілікті мектептің күйі алаңдатады. Жиында бірқатар осындай өзекті мәселелер көтеріліп, жүзеге асырылған жобалар да баяндалды.

Аудан әкімі дәстүрге сай өз есебін баяндамадан бастады. Өңірдің өткен жылы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, биыл іске асуы тиіс жобаларды таныстырды. Аудан экономикасының басты құралы саналатын ауыл шаруашылығының 2019-ші жылғы нәтижелерін айтты.

Ұзынкөл өңірі ата кәсіпті өрістетуге қолайлы. Оның үстіне етке деген сұраныс та жыл санап артып отыр. Сондықтан аудан жұртшылығы тиімді салаға баса назар аудара бастады. Әсіресе бұл іске ауыл жастарының құлшынысы артып келеді.

Әкімнің есептік кездесуіне 100-ден астам тұрғын жиналды. Олар өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Мәселен, Людмила есімді аудан тұрғыны қардың уақытылы тазартылмайтыны үшін өз назын айтты.

Ал, Халида Баймұратова  Новопокров ауылы тұрғындарының атынан келген. Новопокровтықтарды жергілікті мектептің 48 жылдан бері жөндеу көрмегені алаңдатады. Өйткені апатты жағдайда. Демек, балалар үшін қауіпті.   

Қазіргі заман ғаламтор ғасыры. Виртуалды кеңістік арқылы кез-келген ақпаратты табуға болады. Бірақ «интернет» барлығына қолжетімді болмай тұр. Алысқа бармай-ақ, Сәтпаев ауылын мысал етуге болады. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ғаламтордың нашар болуы, кәсіпкерлерге ыңғайсыздық туғызуда.

Биліктің бұқара алдында есеп беруі – мемлекет басшысының тапсырмасы. Әкіммен қарапайым халықтың күнде кездесуге мүмкіндігі жоғы рас. Сондықтан бұндай жиындар қордаланған өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешімін табуға ықпал етеді. Бұл жолы да тұрғындар аудан әкіміне өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды.  Бастысы ел игілігі   үшін қолға алынған жобалар іске асса дейді, көпшілік.

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:34, 17 қыркүйек 2020
БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
20:33, 17 қыркүйек 2020
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...