ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ Толығырақ

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: БАСПАНА АЛУҒА 2 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БЕРІЛУДЕ

20:33, 8 тамыз 2019

Аз қамтылған отбасыларға жеке баспана алу жолдары жеңілдеуде. Бұған - өңірде іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар сеп болмақ. Тұрғын үйге салынуы тиіс міндетті алғашқы жарнаға - тұрғын үй сертификаттары кепіл бола алады. Осындай жағымды жаңалықтар Тұңғыш Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында ағымдағы жылы кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.

Баспаналы болу тағы да жеңілдей түсті. «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйлер «7-20-25» ипотекасының шарттарымен сатылмақ. Барша халық үшін. Сондай-ақ, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне» қаржысын құйып, жылдар бойы кезекте тұрған салымшылар да, осы «Нұрлы жермен» үйлі болады. Тіпті, үй-күйі барлар да, «7-20-25» бағдарламасының шарапатын көрмек.

Тұңғыш Президент көпбалалы және толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, сондай-ақ кірісі төмен отбасыларға баспана сатып алудың қолжетімдігін арттыру қажеттігін тапсырған еді.Осыған орай, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  жаңа бағдарламаны жүзеге асыруда.

Аталмыш бағдарлама келер жылы да өз жалғасын табатын болады. Айта кетейік, Қостанай облысында 3 санат бойынша 6000 астам адам кезекте тұр.  

 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ШАҺАРДАҒЫ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРГЕН ЖОБАЛАР
20:44, 19 қараша 2019
ШАҒЫН ШАҺАРДАҒЫ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРГЕН ЖОБАЛАР
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ҚОЛДАУ АРТАДЫ
18:37, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ҚОЛДАУ АРТАДЫ
Толығырақ...