ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: 7-20-25 БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 644 ӨТІНІМ МАҚҰЛДАНДЫ

20:12, 23 қаңтар 2020

Баспанаға мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету - Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасында көтерілген тапсырмалардың бірі. Осы мақсатта елімізде «7-20-25» бағдарламасы әзірленгені мәлім. Қазақстандықтардың пәтер алу мүмкіндігін кеңейтуді көздеген бұл бастама астықты өңірде белсенді жүзеге асырылуда. Өңірде жеңілдетілген ипотекалық несие алған азаматтардың саны қанша? Бағдарламаға қандай өзгерістер енгізілді? Тілшіміз тарқатсын.

Осыдан бір жарым жыл бұрын  бастау алған бағдарлама  халық арасында тиімділігін көрсетуде. Қаржыгерлердің мәліметінше бүгінде біздің  облыста  жалпы сомасы 75 млрд теңгенің құрайтын  991 өтінім қабылданды. Оның ішінде 644 ипотекалық өтінім мақұлданды. Бұл, ақшаға шаққанда 4,8 миллярд тенге. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай өңірі республикада 5 орынға жайғасқан.  Жеңілдетілген ипотека жаңа құрылыстан үй алғандарға беріледі. Қостанай өңірі үшін сатып алынтын  баспананың ең жоғарғы  құны 15 млн теңге.

Ал , бағдарламаның шарттарына тоқталар  болсақ: Ол  7 пайыздық мөлшерлемемен, бастапқы жарна- 20 процент, несие мерзімі 25 жылға дейін қарастырылған.  Мұндағы негізгі қағида – мөлшерлеменің көбейтілмеуі, яғни қарызды беруде қызмет көрсетуде ешқандай комиссия алынбайды. Басты талап - баспана алуға ниетті азаматтардың төлем қабылеті ескеріледі.

Елбасы тапсырмасына  сәйкес, 7-20-25 бағдарламасы арқылы баспана алуға ынталы азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін тұрғын үй сертификаттары әзірленген болатын. Бұл қарыз ақша еш өсімсіз, 15 жылға беріледі. Жаңа жеңілдік бюджеттік қызметкерлерге арналған.  «Тобыл әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен» аймақта 50 ге жуық отбасыға пәтер құнының бастапқы жарнасын субсидиялау бойынша қолдау көретілген.

Тақырып бойынша материалдар

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
20:35, 26 ақпан 2020
САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРТУЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:26, 26 ақпан 2020
ОТАНДЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...