ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

БЕС БАСТАМА ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

18:00, 11 маусым 2018

2019 жылы айлығы 65 мың теңгеден аспайтын жұмысшылардың жалақысы өсетін болады. Облыста мұндай еңбеккерлердің саны 60 мыңды құрайды. Президенттің 5 бастамасы көптің көңілінде жүрген осындай өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. «Нұр Отан» партиясының саяси кеңес отырысында әлеуметтің әлеуетін әлдендіруге арналған 5 әлеуметтік бастаманың орындалу барысы айтылды. Маңызды құжатта елді-мекендерге көгілдір отын тарту, баспана жайы, шағын несиелендіру көлемін арттыру мәселесі назардан тыс қалмаған.

Тұрғын үймен қамту көрсеткішін жоғарлату  –  5 әлеуметтік бастамадағы негізгі міндеттердің  бірі. Баспана салу қарқыны бәсеңдеген жоқ  өңірде.  Өсім  10 пайыз. 2018 жылы 290 мың шаршы метрден артық тұрғын үй пайдалануға беріледі.  3,5 мыңдай пәтер тапсырылады. Бүгінде Әуежай, Юбилейный,  шағын аудандарында құрылыс жоспарға сай жүріп жатыр

Мемлекеттік қолдау шеңберінде баспаналы болғысы келетіндерге несиелендірудің тиімді механизмі қарастырылған.  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 55  мың салымшы бар. Биылдың өзінде  3 мыңдай  жаңа депозит ашылды.  "7-20-25" бағдарламасы шеңберінде   халықты баспанамен қамту көрсеткіші одан да жақсара түспек.

Келер жылы айлығы 65 мың теңгеден аспайтын жұмысшылардың жалақысы  өседі. Мұндай азаматардың саны облыста  60 мыңды  құрайды. 5 әлеуметтік бастама аясында жергілікті кәсіпкерлерге берілетін шағын несиенің көлемі 4 млрд теңгеге жетпек. Көмек қаражаттың арқасында биыл жүзеген  отбасы өздерінің жеке бизнестерін бастай алады.Несиелендіру  көлемі  31 процентке өскен.

5 әлеуметтік бастама аясында болашақта тұрғындарды газбен қамту жайы да ойластырылып жатыр. Облысымызға  осы мақсатқа 13 млрд теңге қарастырылмақ.  Соңғы 2 жыл ішінде  Денисов ауданына қарасты Антонов, Айчанов,  тоғызақ және  ворошилов, рудный қаласындағы Кашар, Лисаков қаласындағы октябрь ауылының азаматтары көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл елді-мекендерде 20 мың адам тұрады. Биыл Федоров, Аманқарай,Әулиекөл, ауданын газбен қамтуға 2 млрд теңге бөлінді. Архимед Мұхамбетов 5 әлеуметтік бастама бойынша ақарылған іс- шаралардң жол картасын бекітіп,  барлық бағыттар бойынша  тиісті құрылыс жұмыстарын  бастауды тапсырды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
20:36, 18 қазан 2018
САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
Толығырақ...
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
18:12, 17 қазан 2018
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:30, 15 қазан 2018
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...