ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАУҒА ДАЙЫН Толығырақ

БАСТЫ МІНДЕТ - МАЗУТТАН КӨМІРГЕ КӨШУ

18:03, 11 маусым 2018

Жылу маусымын шығынсыз аяқтаудың бір жолы - мазут отынынан көмірге көшу. Арқалық қаласының Жылыту энергетикалық компаниясы осындай қадамға баруы тиіс. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл мәселені шешуде республикалық ведомства өкілдерімен келіссөздер жүргізетінін айтты. Өңір басшысы Арқалық қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы Арқалық үшін түйіні шешілмей жүрген проблемалардың бірі. Бірақ, бұл салада биыл қыруар іс атқарылды. Облыстық әкімдіктің қолдауымен қала қыс мезгілінде 30-40 пайыз көлемінде мазутпен қамтылды. Осылайша, жергілікті жылу энергетикалық компаниясы жылды шығынсыз аяқтады. Енді жылумен қамтамасыз ету жүйелері қалпына келтіріліп жатыр. Алдағы уақытта компанияға мұндай көмек жасалмайды, деді өңір басшысы. Кәсіпорын жекеменшік болғандықтан, сәйкесінше өз қаражаты есебінен отынмен қамтылғаны жөн.

Мазуттан құтылып көмірге көшсе, қала үшін ұтымды болар еді. Архимед Мұхамбетов компания басшылығына осындай міндеттемелер жүктеді. Ең біріншіден көмір отыны арзан, оны қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Шұбаркөлден тачсымалдауға болады, ал екіншіден бұл тарифтің төмендеуіне ықпал етеді.

Облыс әкімі аймақтық аурухананың жай-күйімен танысты. Емдеу мекемесінің материалдық базасы жақсы. Барлығы 33 дәрігер болғанымен, кадр тапшылығы бар.  Жарақат бөліміне екі маман қажет, сондай-ақ аурухана балалар хирургы мен педиатрға зәру.

Ана мен бала өлімі көрсеткіштері бойынша Арқалық облыста көш бастап тұр. Бұл статистиканы жою - басты міндет. Осы ретте жыл соңына дейін аурухана қарамағына құны 30 млн теңге болатын 4 жедел жәрдем көлігі беріледі.

Қалалық Ішкі істер бөлімі жанынан Жедел басқару орталығының құрылысы қолға алынады. Нысан бұрынға гараж ғимаратының орнында пайда болады. Жоспар бойынша жиырмаға жуық бейнебақылау камерасы орнатылады. Жобаға шамамен 187 млн теңге қажет.   

Тақырып бойынша материалдар

ЦИФРЛАНДЫРУ –  ӨНДІРІСТІК ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ
18:00, 22 маусым 2018
ЦИФРЛАНДЫРУ – ӨНДІРІСТІК ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ
Толығырақ...
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» - ӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
20:39, 21 маусым 2018
«ҚОСТАНАЙ МИНЕРАЛДАРЫ» - ӨЗ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
18:03, 21 маусым 2018
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
18:19, 20 маусым 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШАЛҒАЙДА «АУЫЛ КҮНІ» МЕРЕКЕЛЕНДІ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
18:13, 20 маусым 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...