ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БАҒАНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

20:30, 16 наурыз 2020

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек. Бағаны тұрақты ұстап тұру үшін қаладағы сауда орындарымен келісімшарттар жасалуда. Бүгін облыс әкімдігінде аппарат мәжілісі өтті. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жауапты мекеме басшыларына азық – түлік қорын ұдайы бақылауда ұстауды қадап тапсырды.

Аппарат мәжілісінде күн тәртібіне қойылған ең басты мәселе- азық – түлік бағасы болды. Архимед Мұхамбетов осы мәселені бақылауға алып, әлеуметтік маңызы бар өнімдер құнын  негізсіз өсіретіндерге тосқауыл қою керектігін ескертті. 

Халық көп тұтынатын тауарлар  тұтынушыларға делдалсыз жеткізілуі тиіс.  Жергілікті кәсіпкерлерге  өз  өнімдерін өткізу үшін қолайлы жағдай жасалған.   Костанай мен Рудный қаласында іскер жандар үшін  280 сауда орны мен  120- ға жуық  сауда дүңгіршектері   әзірленген.

Баяндамашылардың мәліметінше, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі жоғары. Қазір 64,2 тыс.  тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры бар. 

Азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдағы уақытта да бақылау күшейтілмек. Және де жыл басынан бері 66 ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты  түрде ұйымдастырылып, онда халық көп тұтынатын өнімдер арзандатылған бағамен сатылды. Аппарат мәжілісін қорытындылай келе өңір басшысы, аудан, қала әкімдеріне сауда орындарын аралап, баға мәселесін уысынан шығармауы керектігін жеткізді.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...