ШҰҒЫЛ! Астананың 20 жылдығына орай облыста 1500 іс-шара өтеді Толығырақ

Азық – түлік бағасы бақылауда болады

20:31, 13 қараша 2017

Азық-түлік бағасы биліктің бақылауында болады. Әкімдікте өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өткен жиында осы мәселе жан-жақты қаралды. Облыста бағаны тұрақтандырудың кешенді жоспары әзірленді. Қазіргі күні ет пен көкөністің құны көтерілгені байқалады.

Бүгінде қоймада 2 мың тонна картоп, 200 тонна сиыр еті мен 100 тонна өсімдік майы бар. 300 тоннаға жуық сүт өнімдері де артығымен жетеді. Барлығы 2970 тонна өнім алынған. Азық түлік бағасын реттеп тұру үшін Қостанайда тұрақтандыру қоры бар. Осы қордағы тауар түрі азая бастаса баға сол сәтте өседі. Сол үшін тұрақтандыру қорындағы жағдай әрдайым облыс әкімінің назарында болмақ.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тұрақтандыру қорындағы тауарын түгендеп, одан қалса жәрмеңке өткізіп бағаның өсуін тежеп отыруға тапсырма алды. Облыс орталығында сол сияқты агрокешендік парк құрылысын қолға алу жоспарланып отыр. Бұл, өз кезегінде, делдалсыз, тауар өндірушілердің өз өнімдерін нарыққа тікелей шағаруына ықпал етпек.       

Тақырып бойынша материалдар

Жаңадан коммуналдық қызмет көрсету орталығы ашылды
20:37, 22 ақпан 2018
Жаңадан коммуналдық қызмет көрсету орталығы ашылды
Толығырақ...
Инфрақұрылымды қалпына келтіруге басымдық беріледі
20:34, 22 ақпан 2018
Инфрақұрылымды қалпына келтіруге басымдық беріледі
Толығырақ...
Егін зиянкестерімен күрес күшейтілмек
20:30, 22 ақпан 2018
Егін зиянкестерімен күрес күшейтілмек
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі
16:02, 22 ақпан 2018
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп бер...
Толығырақ...
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді
12:00, 20 ақпан 2018
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді
Толығырақ...