ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

«АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

20:46, 7 қазан 2019

«Түбіртек талап ет те, жүлде ұтып ал!». Осындай ұранмен Қаржы министрлігінің Мемлекетік кірістер комитеті елімізде акция өткізуде. Акция басталғалы бері 52 жеке тұлғаға 1000 теңге көлемінде сыйақы төленген. Жоба шеңберінде аталмыш акцияға үйде отырып-ақ қатысып, жүлде ұтып алуыңызға мүмкіндік бар.

1 түбіртекке – 1000 теңге! 30 қыркүйектен бастап өңірімізде республикалық «Азаматтық бақылау» жобасы қолға алынды. Жоба шеңберінде «Түбіртек талап ет те, жүлде ұтып ал» акциясы бастау алды. Ұтысқа қатысу үшін дүкеннен зат алғанда түбіртек сұрағаныңыз абзал. Түбіртектегі ақпаратты «Wipon» қосымшасы арқылы жолдап, акцияға қатысуға толық мүмкіндігіңіз бар. Бұл жолғы акцияның ерекшелігі – кәсіпкер түбіртек беруден жалтарған жағдайда «чек бермеу фактісі» туралы «Вайпон» қосымшасына деректерді толтырсаңыз, сол мезетте ұялы телефоныңызға 1000 теңгелі теңгерім түседі.

Көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою және тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында осымен бірнеше жыл қатарынан қолға алынған аталмыш акция 30-шы қыркүйекте баталды. Ол республика көлемінде өтуде. Кірістер департаменті мамандарының айтуынша, кез келген жерде сауда жасағанда, тұтынушылардың дені сатушыдан түбіртекті сұрамайды. Ал, негізінде заң бойынша толық құқылы.

Қорытынды ойын онлайн жүйеде көрсетіледі. Ұялы смарт телефонда «вайпон» қосымшасы кездейсоқ тәсілмен жеңімпаздарды анықтайтын болады. Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны да шектелмеген. Айта кетейік, өткен акцияның қорытындысы бойынша, қостанайлықтар акцияның ең белсенді қатысушылары атанған.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:37, 21 қазан 2019
ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:39, 17 қазан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...