ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА 34 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

20:09, 12 наурыз 2020

«Агро-Қостанай-2020». Қостанайда 7-ші Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтті. Онда аграрийлер агроөнеркәсіп кешеніндегі озық технологиялармен танысуға мүмкіндік алды. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығын дамытуға облысымызға 34 млрд. теңге бөлінді.

Көктемгі дала жұмыстары алдында «АгроҚостанай-2020»  көрмесін өткізу дәстүрге айналған шара. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты. Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары, жерді өңдеуге арналған тыңайтқыштар. Өсімдік зияңкестеріне қарсы дәрі- дәрмектер, агроөнеркәсіп кешенінде қолданылатын озық цифрлық құралдар аграрийлердің назарына  ұсынылды.  Көрмеге Қазақстан, Ресей, Татарстан, Белорус және Украинадан 50 - ге жуық компания қатысты.

Биыл егіс алқаптарына одан бетер өнімділігі жоғары техникалар тартылады. Олардың  дені отандық зауыттарда құрастырылған. Бұл ерекше қуантады. Цифрландыру үрдісі алға озған заманда заманауи комбайндар бір мезетте бірнеше жұмысты атқаруға қауқарлы.  Ең бастысы еңбек өнімділігі артып, уақыт шығыны қысқарады.

Аграрийлерге мемлекет тарапынан жәрдем тек молайып келеді. Ауыл шаруашылығы жетстіктерін паш еткен көрме бұған жарқын мысал. Аймағымызда аталған саланы  ілгерлетуге биыл 34 млрд теңге бөлінді. Әмірхан Қолдыбаев 23 жыл егіншілік ісімен айналысады.  Өнімділігі жоғары техникаларды пайдаланған шаруашылықтар мол өнімге қол жеткізетінін айтады шаруа. Сондықтан машина техника алаңынан  жаңартуға қатты мән береді.

Ауыл шаруашылығында ішкі жалпы өнім көлемін арттырып, әлем нарығында экспорттық әлеуетті жақсарту. Бұл азық - түлік тауар өндірушілері  алдында тұрған басты меже. Ал ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай көрмелер заманауи техника және технологиялармен  танысуға мол  мүмкіндік береді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...