ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

АУЫЛҒА АУЫЗ СУ КЕЛДІ

21:03, 1 желтоқсан 2019

Облыста ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарламалар аясында сәтті жүзеге асырылып жатыр. Жітіқара ауданында да елді мекендерге су құбырын тарту жұмыстары жылдан-жылға артуда. ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесінде Забелов ауылында таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Оның салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті жұртты мерекемен құттықтап, билік өкілдерінің тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға ерекше көңіл бөліп отырғандығын және ел игілігі үшін мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретіндігін жеткізді.

Забеловка ауылындағы сонау 70-ші жылдары салынған сумен жабдықтау желілері 2000-шы жылдардың басында мүлде істен шыққан көрінеді. Кейін ауылды сумен қамтып келген серіктестік те 2012-ші жылы өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болған. Содан бері тіршілік нәрін тасып ішкен тұрғындар енді бұл машақаттан біржола құтылды. Ең алдымен, осы мәселені шешу үшін 2017-ші жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен 7,8 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру үшін 476 млн теңге, оның ішінде 300 млн. республикалық бюджеттен, 176 млн теңге облыс қазынасынан бөлінген.

Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесіне 189 үй, ФАП, мектеп қосылған. Дегенмен, Ғауез Нұрмұхамбетов жеке секторларға және өндірістік жайларға су қосу жұмыстарын жалғастыру қажеттігін, енді ол үшін барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.

Су жүйесінің ашылу рәсімінен кейін, кездесу аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыс әкімінің орынбасары еліміздің дамуына ерен еңбектерімен елеулі үлес қосқан аудан тұрғындарын төсбелгілермен және облыс әкімінің грамоталарымен марапаттап, Жітіқара жұртшылығының қуанышын еселей түсті.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ
20:30, 26 маусым 2020
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ
Толығырақ...