ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ Толығырақ

АУЫЛДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ

20:53, 11 қыркүйек 2019

Шағын және орта кәсіпкерлік дамыса, әлеуметтік саланың да өркендеуіне мүмкіндік молаймақ. Бұған кәсіпкерлерді қолдау жүйелі жолға қойылған. Бұған Әулиекөл ауданы тұрғындарының іс жүзінде көзі жетіп отыр. Мұнда жұмыссыз жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие қосымша мамандық беруге де қолайлы жағдай жасалған.

Соңғы жылдары Әулиекөл ауданында шағын және орта бизнес кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеуде. Кәсіпкерлердің жергілікті бюджетке қосып отырған үлесі де жыл өткен сайын арта түсуде. Бұған тұрғындардың жеке кәсібін ашып,тұрмысын жақсартуына қолайлы жағдай жасалуы да игі әсерін тигізуде, - дейді сала мамандары.

Мына шағын кәсіпорын түрлі тас кірпіштер жасаумен айналысады. Шығарылған өнім ауылдарды абаттандыруға қолданылуда.Мұнда қазір бірнеше ауыл тұрғынына жұмыс орны да ашылған.Осындай шағын кәсіпорындардың тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты шектеуге тигізіп отырған игі әсері мол.

Бұл ауданда бұрын жұмыссыз жүрген тұрғындардың еңбек нарығында сұранысқа ие қосымша мамандық алып, жұмысқа орналасуына да мүмкіндік туғызылған. Олар да алдағы уақытта аудан экономикасының өркендеуіне өз үлестерін қоспақ.

Қабылахат Сейдахмет

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ
20:10, 17 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕТЕЛ КӨЛІКТЕРІН УАҚЫТША ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА
20:33, 12 ақпан 2020
ШЕТЕЛ КӨЛІКТЕРІН УАҚЫТША ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:46, 12 ақпан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...