ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

АУЫЛДА ШАҒЫН БИЗНЕСПЕН АЙНАЛЫСУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТҚАН

20:56, 10 қазан 2019

Қазіргі күні жеке кәсіп ашу кез келген ынтасы бар адамның қолынан келеді. Ол үшін мүмкіндікті үкімет ұсынып отыр. Небары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Бизнес бастау» жобасы арқылы арнайы курс оқып, сертификат алып, бизнес жоспарыңызды қорғап шықсаңыз болғаны. Көп кешікпей, кәсіпкер атанып шыға келесіз. «Еңбек» бағдарламасының игілігін көрген әулиекөлдік әлеуметтің ортақ ойы осындай.

Қанатты сөздің мақамын қазіргі заманға ыңғайлап айтсақ, «Мал өсірсең - жылқы өсір, өнімі оның көл-көсір». Бұл мақалдың мағынасын әулиекөлдіктер жете түсінеді. Сол себепті, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша несие алып, Қамбар ата түлігін асырап, ата кәсіпті алға бастыруға өзіндік үлестерін қосып келеді. Мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын бола білген жануар жергілікті тұрғындардың жеке бизнес ашуына да оң ықпал етуде. Мысал үшін, мемлекеттік бағдарламаға қатысушы мына кейіпкеріміз аудан аумағында ұлттық сусынымызды саудаға шығарсам дейді. Бие байлап, қымыз баптауды көздеп отырғанын жасырмайды.

Алмагүл Жүнісқызы ата кәсіппен айналысу мақсатында шағын несие алса, Оксана Шумейко мемлекеттік бағдарламаның шарапаты шексіз екенін айтады. Шағын шаштараз ашу мақсатында бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алған. Қазір жеке кәсібін дамыта түсу мақсатында жүйелі жоспар құруда.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауданға 177 млн. теңге қарастырылған. Қазір 9 адам 13 млн. теңге несие алу үшін құжат әзірлеп жатыр. «Бастау бизне» жобасы бойынша 100 адам жолдама алған. Ал, «Жас кәсіпкер» жобасына 60 тұрғын жіберілген. Қайтарымсыз грант ұтып алуға бес азамат қатысқан.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар