ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

20:46, 8 қараша 2019

Егіс алқаптарының көлемін ұлғайтып, мал басын асылдандыру. Бұл Бейімбет Майлин ауданы шаруаларының алдында тұрғында басты міндет. Аудан орталығында ауыл шаруашылық күні мерекеленіп, саланың жеткен жетістіктері мен кемшін тұстары айтылды. Шаруа қожалықтары өзара тәжірибе алмасты. Айта кету керек, биыл аудан бойынша диқандар гектарына 17 центнерге дейін астық алды. Ал жалпы орташа көрсеткіш 5,2 центнерді құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара саланың биылғы жетістігін паш ететін көрмемен басталды. Биылғыдай ауа райын ардагер диқаншылардың «өзі көптен бері көрмедік» деп отыр. Соған қарамастан, жылдап жиналған тәжірибе өз жемісін берді.

Биыл Бейімбет Майлин ауданының диқандары гектарына 17 центнерге дейін астық алды. Биылғы ауа райы диқандарды біраз шыңдады.

Көрмеден соң салтанатты жиын өтті. Онда ауыл шаруашылығының бір жылдық жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспары нақтыланды.

Жиында саланың дамуына үлес қосқан азаматтарға «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар» табысталды. Сондай-ақ, аудандық әкімдік әлеуметтік салаға жәрдемдесіп жүрген кәсіпкерлерді ерекше назарға алды. Олар, жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетіп келеді. Биыл жылдың «меценаты» деген атаққа Владимир Кравчук ие болды.

Осылайша, азық-түлігін молынан қамдап, қыс маусымына сақадай-сай отырған Бейімбет Майлин ауданы тойының көрігін жергілікті өнерпаздар қыздыра түсті. Мереке иелері өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
20:41, 13 қараша 2019
30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...