ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН

20:09, 16 қыркүйек 2020

Агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің ғылыми әлеуетін пайдалана отырып, өнім көлемін арттыру. Федоров ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері биыл осыған басымдық берді. Егістік алқаптарында алғаш рет сұйық және түйіршіктелген тыңайтқыштар қолданысқа енгізілді. Нәтижесі туралы толығырақ тілші тарқатсын.

Ауданда орташа өнімділік гектарына 12,5 центнерді құрады. Биылғы жылы егістік алқаптары 375 мың гектарды құрады. 245 мыңы жиналып, бастырылды. Оның басым бөлігі - дәнді және бұршақты дақылдар, 82 мың га - майлы дақылдар, негізгі бөлігіне зығыр егілген.  

Егістіктерді өңдеу үшін 16 мың тонна минералды тыңайтқыштар  пайдаланылды. Айта кетер жәйт, ауданда жаңа технологияларды енгізу қарқынды. Биыл сұйық және бұршақталған тыңайтқыштар қолданылды.   

Сондай-ақ ауданда мал шаруашылығы саласы да дамуда. Соңғы жылдары ірі қара саны 344 басқа өсті. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалануда. Сыбаға бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 60 бас мал сатып алу жоспарланған.  

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
20:34, 17 қыркүйек 2020
БИЫЛ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА 5 МЫҢДАЙ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
20:33, 17 қыркүйек 2020
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҮЛЕСІ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...