ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ: ЖЫЛУ НЕГЕ ЖЕТКІЛІКСІЗ? Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

20:49, 7 қазан 2019

Федоров ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жергілікті тауар өндірушілері ара балы, өсімдік майы, көкөніс, құс еті мен макарон өнімдерін ұсынды. Арзан бағамен сатылған экологиялық таза өнімдерді тұрғындар молынан сатып алды.

Федоров ауданындағы зауытта өндірілетін өсімдік майы көпке танымал. Сапасы да, бағасы да тұтынушы көңілінен шығады. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынған өнімнің бағасы жәрмеңкеде 330 теңгеден сатылды.

Бұл күзде ұйымдастырылған алғашқы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі. Аудан тұрғындары оны асыға күткені байқалады. Арзан әрі экологиялық таза өнімдерді сатып алу үшін таң сәріден ағыла бастады. Жәрмеңкеде ара балының алуан түрін кездестіруге болады. Көкөніс, құс етін де тұрғындар молынан алып қалуға асық. Ольга Околот жәрмеңкеге Ленино ауылынан келіп отыр.

Мұндағы тауарлар нарық бағасынан әлдеқайда арзан. Сөмкелерін азық-түлікке толтырған аудан жұртшылығының көңілі тоқ.

Мұндай игі шараны аудан жиі өткізіп тұрмақ. Қажетінше, сөрелердегі тауар түрін кеңейту де жоспарда бар. Өнімдердің бағасына аудан әкімдігі тұрақты түрде мониторинг жасамақ.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ Н.НЫҒМАТУЛИН ЕУРОПАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:00, 25 ақпан 2020
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ Н.НЫҒМАТУЛИН ЕУРОПАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТ ДЕЛЕГАЦИЯС...
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ: ЖЫЛУ НЕГЕ ЖЕТКІЛІКСІЗ?
20:24, 24 ақпан 2020
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ: ЖЫЛУ НЕГЕ ЖЕТКІЛІКСІЗ?
Толығырақ...
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»:  30  ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
20:18, 24 ақпан 2020
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»: 30 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...