ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

20:24, 28 қазан 2020

Қостанай облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасына енген тірек ауылдар анықталып, алдағы жылдың жоспары жасалды. Ал бұған дейін атқарылған шаралардың аясында елді мекендердің инфрақұрылымы жаңарып, ауылдағы тұрмыс жақсара түсті. Бұл мақсатқа қаралған мемлекеттік инвестициялар көлемі шамамен 2,2 млрд теңге. Қаражатқа 500-ден астам уақытша жұмыс орны ұсынылған.

Қостанай облысы бойынша «Ауыл-ел бесігі» жобасына  280 мың халқы бар 258 елді-мекен кірді. 2019-ші жылы Әулиекөл, Меңдіғара, Қарасу, Сарыкөл және Федоров аудандарында 46 жоба жүзеге асырылды. Ол үшін бағдарлама есебінен 2.2 млрд теңге бөлінген. Мәселен, 28 білім беру нысанында жалпы сомасы 893,9 млн теңгеге жөндеу жүргізілді. 1260 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Ал 2020-шы жылы арнайы жоба аясында Амангелді,Қостанай және Меңдіғара аудандарында жалпы сомасы 802 млн теңгеге 3 жоба іске қосылды.
 

Облыстың білім саласы келер жылға да ауқымы кең жұмыстарды жоспарлап қойған. Ал оларды уақытында бастау үшін облыстық бюджет есебінен 79 млн теңгеге 9 білім беру ұйымының жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында да ілкімді жобалар сәтті іске асуда. Мәселен,Торғай және Қамысты ауылдарындағы екі аудандық аурухана, Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентіндегі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтеді.
 

«Ауыл-ел бесігі» жобасымен қатар өзге де мемлекеттік бағдарламалардың бірлесуімен Әулиекөл және Федоров ауылдарына газ тарту жұмыстары атқарылды. Ол үшін қазынадан 4 млрд теңге жұмсалған. Нәтижесінде 18 мың адам табиғи отынға қол жеткізді. Сонымен қатар, Меңдіғара ауданының 10 мың тұрғыны  таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.
 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
20:10, 26 қараша 2020
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Толығырақ...
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:09, 26 қараша 2020
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...