ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ»: ЖАҢА НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

20:23, 4 наурыз 2020

Былтыр аймақ спортшылары толағай табыстарға қол жеткізді. Бұл салаға бөлінген қаржы көлемі де арта түскен. Бүгін Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы спортты дамытуға бағытталған іс-шаралардың нәтижесін тілге тиек етті. Азамат Бегалиннің мәліметінше, биыл облыста бірқатар спорттық нысандар салынбақ. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша екі ауданда ескі стадиондар қалпына келтіріледі.

Басқарма басшысы Азамат Бегалиннің айтуынша,  облыс тұрғындарының  33 пайызы  бұқаралық спортпен айналысады. Өңірде Дене шынықтыру және спортты дамытуға   былтыр 1 млрд теңге бөлінді. 

Тобыл аймағы танымал спортшылардан  кенде емес. Түрлі жарыстарда топ жарып жүрген спорт саңылақтары облыстың мақтанышы. Олардың кейбірі халықаралық деңгейдегі сайыстарда ел намысын абыроймен қорғап, мықтылығын дәлелдеді.  Былтыр Еуропа және Азия  чемпионаттарына  облыстан 36 спортшы қатысып, 4 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль қанжығалап қайтқан еді. 

Спорт базаларын салу, қалыпқа келтіру жұмыстары біздің облыста  ойдағыдай атқарылуда. Тобыл өңірінің жетістігін жіпке тізген  Басқарма басшысы  соңғы  жылдары  осы салаға құйылған қаржы көзінің  өсіп, бірнеше спорт мектептерінің жаңа келбетке енгенін мәлім етті.   Былтыр  спорт кешені  мен  хоккей корты    елдің игілігіне жаратылды. 35 спорт алаңы тұрғызылды.

Спорт Басқармасы басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев алда атқарылуы тиіс бірнеше мәселені алға тартып, тапсырмалар жүктеді.

Облыста екі жарым мыңнан артық спорт ғимараты тіркелген. 77  жасөсіпірмдер спорт мектеп бар. Онда 27 мыңға жуық саңлақ спортпен кәсіби деңгейде шұғылдануда. Ауыл аймақта жастардың, спорт сүйер қауымның саламатты өмір салтын ұстануына  барынша жағдай жасау қажеттілігі айтылды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:02, 29 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...