ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА 7 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛУДА Толығырақ

АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ

20:44, 17 қыркүйек 2020

Федоров ауданында шағын және орта бизнестің үлесі артып, жұмыссыздық азайған. Биыл бірқатар елді мекендер ауыз сумен қамтылды. «Нұрлы жер» бойынша салынған баспана құрылысы да қарқынды. Елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған істер ауқымды, қаражат та қомақты.

Аудан орталығындағы мына 24 пәтерлі тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынды. Ондаған ауыл тұрғындары баспаналы болды. Олардың қатарында көпбалалы ана Гүлдана Хасенова да бар. Тұрғын үй кезегінде жарты жыл ғана тұрған ол, желтоқсан айында қоныс тойын тойлады.

Таяу күндері Гүлдана Хасенова секілді ауылдың басқа да тұрғындары баспаналы болмақ. Бизнестің жол картасы аясында аудан орталығында 4 және 24 пәтерлі үйдің құрылысына 283 миллион теңге бөлінген. Жаңа нысандар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.    

Биыл Қостанай облысында 29 елді мекенге сапалы ауыз су тартылады. Тозығы жеткен су тарту желілері мен құбырлар да жаңғыртылады. Барлық жобаларды жүзеге асыруға 15 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Сапалы ауыз су Федоров ауданындағы Пешков, Успеновка мен Придорожный елді мекендеріне де жетеді.   

Федоров ауданының жолдары да тақтайдай етіп тегістеледі. Жөндеу жұмыстарына облыстық және республикалық бюджеттен 786 миллион теңге бөлінді.  

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданда сол сияқты жыл соңына дейін тағы бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ.   

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
20:29, 28 қазан 2020
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ ТАНЫТУДА
Толығырақ...
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
20:25, 28 қазан 2020
КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Толығырақ...
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
20:24, 28 қазан 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ – БАТЫС ЖОЛЫНЫҢ  БАҒЫТЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?
20:30, 22 қазан 2020
ОРТАЛЫҚ – БАТЫС ЖОЛЫНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРЕ МЕ?
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...