ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

АСЫЛТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

20:12, 19 қараша 2020

Қостанай облысында асыл тұқымды мал өсіруге өткен жылы 6,7 млрд. теңге субсидия қарастырылған. Ішкі нарықтың сұранысын сапалы етпен қанағаттандыруға Алтынсарин ауданының шаруалары да үлес қосуда. Келесі жылы мал басын 2 есеге арттыруды жоспарлап отырған аудан сиыр етінің басым бөлігін экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Мақсұт Тәшеновтың жеке шаруа қожалығын ашқанына он жылдан асты. Түлігінің санын көбейтіп, сапасын жақсарту оның көптен бергі арманы еді. Шаруаның ойын жүзеге асыруға мемлекеттік бағдарлама көмектесті. Бүгінде Силантьев ауылында орналасқан мал бордақылау алаңында 998 бас асыл тұқымды ірі қара бар.

Мына ірі қара «герефорд» тұқымы. Бұлар тез салмақ жинайды. Және еті нарықта сұранысқа ие болғандықтан шаруа қожалықтары қазақтың ақ бас сиырлары мен қатар осы тұқымға да басымдық береді.  Ауданда соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламаның есебінен ата-кәсіппен айналысқысы келетіндердің қатары артқан.
 

Соңғы жылдары бұл шаруа қожалығында егіншілік ісі де ілгерлеген. Ақылды жүйелердің  арқасында астық өнімділігі  артқан. 14 мың гектар егіс алқабында 8 тұқым себу кешені мен 20 комбайн жұмыс істейді. 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
20:10, 26 қараша 2020
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Толығырақ...
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:09, 26 қараша 2020
БАНКРОТ БОЛҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...