ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Астананың 20 жылдығына орай облыста 1500 іс-шара өтеді

20:35, 22 қаңтар 2018

2018-ші жылы ел өміріндегі есте қаларлық елеулі оқиғалардың бірі - Астана қаласының 20 жылдығы. Ағымдағы жылдың 6-шы шілдесінде Елорда өзінің мерейтойын мерекелейді. Осыған орай, жыл бойы елімізде думанды шаралар кеңінен көрініс табады. Бас қаламыздың 20 жылдығына байланысты жергілікті аумақта қандай істер атқарылады? Ол туралы толығырақ тілшіміздің бейнематериалынан біле аласыздар.

Жыл бойы Қостанайда қазіргі уақытта құрылысы қарқынды жүріп жатқан мәдени, әлеуметтік, инвестициялық және инфрақұрылымдық нысандар пайдалануға берілетін болады. Қыркүйек айында «Әуежай» шағын ауданындағы жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашатын болады. Сол маңдағы спорт кешенінің де келушілердің көңілінен шығары шүбәсіз. Осы және өзге де өңір көлемінде орындалып жатқан жұмыстар Ару Астананың 20 жылдығына орайластырылған. Мемлекеттік маңызы бар мерейлі мерекені тойлау өткен жылдың желтоқсан айынан басталғанын айта кету керек.

«Астана – елдігіміздің айғағы, мемлекетіміздің мәртебесі». Мерейтой шеңберінде осындай мазмұнды іс-шаралар көптеп көрініс табатын болады. Келелі кездесулер мен түрлі форумдар өткізіледі. 1500-ден астам зияткерлік, спорттық сайыстар жезеге асады облыста. Солардың бірі – береке мен бірлікті насихаттаған «Көпұлтты қазақстан» жобасы.

Мерейтой аясында әлеуметтік әлсіз топтағы жандарға арналған қайырымдылық шаралары да молынан ұйымдастырылады. Мысал үшін, «Аялы алақан», «Шексіз әлем», «Асар» тәрізді түрлі акциялар іске асырылады. Олардың жалпы тізімі 130-ға жетіп отыр. Сондай -ақ, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі де жиі ұйымдастырылып тұрмақ. Бұл бас қаламыздың туған күнінде тұрғындардың мерекелік дастархан жаюына мол мүмкіндік туғызады.

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП
20:33, 17 шілде 2018
АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП
Толығырақ...
 ЖІТІҚАРА АУДАНЫНДА 286 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
20:30, 17 шілде 2018
ЖІТІҚАРА АУДАНЫНДА 286 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...