ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

А.МҰХАМБЕТОВ: ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ САҚТАЛУЫ ТИІС

20:33, 10 наурыз 2020

«ОПЕК+ мұнайдың негізгі экспорттаушы елдері арасындағы мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келіспеушіліктер мұнайдың әлемдік бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Осыған байланысты ҚР Президенті тапсырмасына сәйкес, Қостанай облысында да бірқатар шаралар қолға алынды. Облыс әкімі бүгін әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу бойынша жауапты салаларға нақты міндеттер жүктеді.

Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда 30 пайыздан астамға төмендеп, барреліне 31-33 доллар көлемінде саудалануда.  Осы жағдайға байланысты Үкімет пен Ұлттық банк жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басымдықтары - макроэкономикалық тұрақтылықты және салық-бюджет саясатының тиімділігін қамтамасыз ету, инфляциялық процестерді басқару және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып қалатынын мәлімдеді. Сыртқы нарықтарда қалыптасқан ахуалға және оның Қазақстан экономикасына әсер етуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қажетті шешімдерді жедел қабылдау және оларды жүзеге асыру үшін Қостанай облысында да жедел штаб құрылды.

Бюджет саясатының шаралары әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға бағытталатын болады, деді облыс әкімі. Архимед Мұхамбетов бюджет шығындарын азайтуды және оңтайландыруды тапсырды. Және барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалатынын мәлім етті.     

Айта кетейік, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан үшін тосын болған жоқ. Себебі, оның алдында коронавирустың өршуі, Қытай тарапынан мұнайға сұраныстың азаюы бойынша сараптама жүргізіліп, шекара жабылған жағдайда, дағдарысқа қарсы бағдарлама дайындалған болатын. Сондықтан, біздің мемлекет тарапынан қолданылатын шаралар кешені бар. Алаңдауға негіз, жоқ екендігі айтылды жиында.   

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...