ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

АМАНГЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

20:52, 10 қазан 2019

Амангелді ауданының биылғы даму көрсеткіші өңірлік коммуникациялар қызметінде қорытындыланды. Жерігілікті кәсіпкерлер мен билік өкілдерінің қоян-қолтық жұмыс істеуінің арқасында экономика өрлеп, әлеуметтік сала дамуда. Инфрақұқрылымдық жобалар іске асуда. Мемлекеттік бағдарламалдар бойынша ауданда кәсіпорындар санын еселеп, тұрақты жұмыс орындары көптеп құрылған.

Амангелді ауданы биылғы жылдың тоғыз айын табысты қортындылады. Өлкенің барлық саласында алға ілгерілеушілік бар. Экономикаға 1 млрд 66 млн теңге инвестиция тартылды. Оның 80 пайызға жуығы кәсіпорындар болса, 19 пайызы бюджеттік қаражат үлесіне тиесілі.

Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі былтырғы көрсеткіштен жоғары. Бөлшек сауда айналымы 364 млн.теңгеден асып, нақты көлем индексі 103,5 пайызға тең. Бюджет 4 млрд теңгеге толықты. Жұмысшылардың орташа жалақысы мұнда 103 мың 382 тенгені құрап отыр.

Ауылшаруашылық секторының жетістігі де зор. Осы секторда өндірілген өнім 8 млрд 400 млн теңгеден асады. 3151 тонна ет, 29 408 тонна сүт, 6 млн 236 мың дана жұмыртқа өндірілді. Жергілікті тұрғындар мал шаруашылығын дамытуда мемлекет тарапынан беріліп отырған оңтайлы мүмкіндіктерді пайдаланып, жаңа жобаларды іске асыруда. Ауданда 357 шаруа қожалығы мен 5 серіктестік ата кәсіппен айналысады.

Аудан қысқы маусымға да сақадай сай, мал азығы да жеткілікті.Өңірде 1 жылға жетерлік жем-шөп қоры жинаулы. Көмір- отыннан да тапшылық болмайды. Өңірде билік пен бизнестің арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Инфрақұрылымдық жобалар да ойдағыдай орныдалуда. Былтыр Байғабыл, Үрпек, Амантоғай елді мекендеріне ауыз су тартылды. Амангелді- Есір ауылында су жабдықтау нысанының құрылысы қолға алынды.

Ауданның әл-ауқатын арттыруға кәсіпкерлер бір кісідей белсенділік танытып келеді. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Көркейе бер, Қостанай» акциясы аясында заманауи спорт алаңдары, жас мамандарға арналған тұрғын үй, жастар саябағы салынды. Ауданның экономикалық дамуы қалыпты деңгейде екенін айтты.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар