ШҰҒЫЛ! «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА ТЕЛЕМАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ Толығырақ

АЛДАҒЫ ЕКІ ЖЫЛДЫҢ БЮДЖЕТІНЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

20:30, 11 шілде 2018

Бюджетті оңтайландыру - тиімді қадам. Осы аптада облыстық мәслихатта 2018-2020-шы жылдарға арналған Қостанай облысынын бюджеті нақтыланды. Үнемделген қаражат негізінен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу жұмыстарына бағытталатын болады. Кеншілер қаласындағы инфрақұрылымға да қомақты қаржы жұмсалатын болды. цифрландыруға басымдық беріліп, медцина мен педагогика мамандықтарына 100 гранттан бөлінетін болды.

Мәслихат сессиясында 2018 - 2020 жылдарға арналған облыс  бюджеті қайта қаралып, нақтыланды. 1,4 млрд теңге ең өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады. Нақты есеп нәтижесінде биыл түрлі жобалар мен бағдарламаларға бағытталған қазына қаражаты ысырапқа ұшырамады. Маңызды құжатты  қызу талқылаған халық қалалаулары оған түзетулер мен өзгертулер енгізді. Энергетика мен Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына 255 млн тенге бөлінді. Оның ішінде 11 млн  Арқалық қаласындағы жылу энергетикалық орталығының  тұрақты жарықпе қамтасасыз етуге жұмсалады. Сондай ақ, ауыз су мәселесі де бірқатар елді мекендерде шешімін таппақ.

Құрылыс басқармасына 534 млн тенге бөлінеді. Осылайша 241 млн тенгеге Затоболда жаңа саябақ алаңы салынады,  сондай ақ энергия үнемдеу үшін қазандық жөнделеді.  Сұйық май шығаратын Докучаевтағы зауыт пен Денисов ауданындағы Антонов, Алчанов, Қарабалықтағы Тоғызақ аулына   газ өткізіледі.  Құқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қостанайдағы ішкі істер басқармасында  құны 100 млн тенге болатын уақытша оқшаулау изоляторы мен Арқалықта жедел басқару орталығы күрделі жөндеуден өткізіледі.

111 млн теңге білім басқармасына қарастырылған. Мектептерді оқулықтармен қамтуға 10 млн теңге, мектепке дейінгі пилоттық жобаға 24 млн тенге бөлінеді.  Сондай ақ, осынша ақша Аманкелді орта мектебіне бөлініп, қомақты қаражат болашақ АЙТИ мамандарын даярлауға бағытталады.  Затобол кентінің жолдары орташа жөндеуден өтеді. 

Денсаулық саласында мамандарды дайындауға ден қойылып отыр. Биылдан бастап облыс бюджетінен медицина мен педагогика саласында жоғары оқу орнында оқимын деушілерге әр қайсысына 100 гранттан қарастырылған. Жалпы алғанда халық қалаулары алдағы екі жылдағы бюджеттегі өзгерістерді бір ауыздан  қолдады.

Тақырып бойынша материалдар

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС: 287 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС: 287 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
20:30, 17 қыркүйек 2018
ШАҒЫН ШАҺАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Толығырақ...
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:32, 14 қыркүйек 2018
НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар