ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

20:21, 1 маусым 2020

Қостанай облысының табиғат қорғау полициясының қызметкерлері өңірдің оңтүстік аймақтарында ақбөкен популяциясын қорғау бойынша рейд шараларын жүргізуде. Полицияға Амангелді және Жангелдин аудандарының қорық қызметкерлері көмектесуде. Рейд барысында мобильдік топтар Қостанай облысы мен Қарағанды және Ақтөбе облыстары шекарасындағы ақбөкен мекендейтін 4 мың километрден астам аумақты сүзіп шықты,-деп хабарлайды Полиция департаменті.

Бұл аумақтар негізінен ақбөкеннің Бетпақдала популяциясының тіршілік ету ортасы саналады. Киік көбіне Жангелдин ауданы периметрінде төлдейді. Карантинге байланысты биыл облыста көктемгі аң аулау маусымының ашылуы әлі жарияланған жоқ. Сондықтан киелі жануарларды дәл осы кезеңде браконьерлерден қорғауды күшейтіп отырмыз. Әріптестеріміз таяуда ғана ақбөкен мүйізін интернет арқылы сатқан қылмыскерлерді құрықтады, - дейді Табиғат қорғау полициясы бөлімінің бастығы Талғат Ахметов. Оның айтуынша, полицейлердің тынымсыз еңбегінің арқасында облыста соңғы уақытта табиғатқа қастандық жасау қылмысы біршама бәсеңдеген. Жыл басынан бері табиғат қорғауға қатысты 246 заң бұзушылық тіркеліп, 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...