ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жол картасы жасалды

20:35, 13 қараша 2017

Бүгінгі таңда Қазақстан ірімшік, сүзбе, май, шұжық өнімдерінің 50 пайызға жуығын көрші мелекеттерден тасымалдап жүр. Импортқа тәуелділік, еліміздегі өңдеуші зауыттардың аздығынан туындап отыр. Мәселен, Қостанай облысында 11 сүт зауыты бар. Өнім өндірісінің қуаттылығын арттыруда бұл жеткіліксіз. Және де 27 ет өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 1-уі техникалық жағынан жаңғыртылуы керек. Аталған өзекті мәселелер азық өндірісін өркендетуге кедергі келтіруде. Осы орайда Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жол картасы әзірленді. Бағдарлама аясында ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселелер бір жақты етілмек.

Импортты азайтып, отандық өнім өндіру үлесін арттыру. Жаңадан жасалған агроөнеркәсіп  кешенін дамытудың жол картасы осы негізгі мақсатты көздейді.Тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін, агрохимияны, азық өндірісін, отарлы қой шаруашылығын, көтерме сауда орталықтарын дамыту, егістік жерлерді игеру.    Бағдарламада ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерге талдау жүргізіліп, әр бағыт бойынша нақты шаралар қабылданды. Астықты аймаққа жұмыс сапарымен  келген Қайрат Айтуғанов картада көрсетілген тетіктерге тоқтаталды. Мәселен, агроөнеркәсіпті техникалық қайта жарақтандыру картасы негізінде ауыл шаруашылығы техникалары парктерінің жай-күйіне талдау жүргізілді. Осы көрсеткіштер жөнінен біздің  облысты алар болса, жағдай көңіл жұбатпайды.

Осындай олқылықтың салдарынан орақ науқанында дән уақытында жиналмай жатады. Ауыл шаруашылығы техникларын жаңарту агроөнеркәсіп кешенін дамыту  картасының басты бағыттарының бірі. Осы орайда, отандық өндірушілерден комбай, трактор, дән себу кешендерін сатып алған шаруаларға жеңілдікпен несиелер беру қарастырылған.  Одан бөлек, шаруалардың кірісін 20 пайызға көтеру, еңбек өнімділігін 1,5 есеге, өнім өндірісін 2 есе арттыру межеленген. Бұл қалай жүзеге асырылады деген сұрақ туындайды? Қайрат айтуғановтың айтуынша, әр облыстың азық- түлік тауарымен қамту әлеуеті анықталады. Азық өндірісін өркендету арқылы осылайша көрсеткіштерді жақсаратыны анық. Жалпы, бүінде  ауыл - аймақтарда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтері ет, сүт  тапшылығын жоюға зор ықпалын тигізіп отыр.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша Қостанай облысында кешенді жұмыстар атқарылғанын айтты вице - министр. Кооперативтердің арқасында шикізат жағынан тапшылық жоқ. Дегенмен, оны өңдейтін  зауыттар саусақпен санарлық.  Ведомства басшысы сала қызметкерлеріне агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жол картасы аясында тапсырма берді.

Қазіргі таңда қазақстан ірімшік, сүзбе, май, шұжық өнімдерінің 50 пайызға жуығын ресей, беларус елдерінен тасымалдап жүр. Өйткені өңдеуші зауыттар аз. Азық – түлік өндірісін дамытудағы өткір мәселе осы. Аталған салаға жылына 79 млрд теңге қаржы құйылуы тиіс. Бұл тиімді несиелендіру жүйесі арқылы бір жақты етілмек. Сапалы өнім, мол өнім береді. Қайрат Айтуғанов тұқым шаруашылығындағы түйткілдерді де тілге тиек етті.  Тұқымның тиімсіз сұрыптарын себуді тоқтатып, тұқым тазалайтын құралдарды  жаңартқан жөн. Және де жем – шөп қорын молынан әзіпрлеу, төлдердің  өнімділігін арттыру жол картасының негізгі бағытының бірі болып табылады. Осы тұста кешенді шаралар қолға алынбақ. Аталған тетіктер бойынша Қостанай облысының жол картасы әзірленіп, аудан, қалаларға өндіріс көлемі бойынша мониторинг жасалынады.

Тақырып бойынша материалдар

Ауыл еңбеккерлері жылды қорытындылады
20:37, 17 қараша 2017
Ауыл еңбеккерлері жылды қорытындылады
Толығырақ...
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы пысықталды
20:30, 17 қараша 2017
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы пысықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
13:09, 16 қараша 2017
Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
Толығырақ...
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
13:00, 15 қараша 2017
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
Толығырақ...