ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

А. МҰХАМБЕТОВ: АГРОТЕХНОЛОГИЯЛАР МОЛ ӨНІМ БЕРЕДІ

20:34, 12 тамыз 2019

Жітіқара ауданында жаңадан спорттық нысандар мен демалыс орындары ашылуда. Ауылдың тазалығына мән беріліп, көшелердің жағдайын реттелген. Бұл халықтың ауызбіршілгін көрсетеді. Аталған ауданға іс сапрамен барған аймақ басшысы осылай деді. Архимед Мұхамбетов сондай-ақ, жергілікті шаруалармен жүздесіп, егінжайлардың жағдайымен танысты. Әңгіме барысында қуаңшылыққа төтеп беру үшін агротехнологиялдармен айналысу қажеттігін де қадап айтты.

«Желқуар» серіктестігіндегі егістік алаңы-4 мың гектардан асады. Бидай масақтарына    қарап, болжам айтар мезгіл. Алқапты  аралаған аймақ басшысы өсім жайлы өз тұжырымын жасады. Биылғы құрғақшылық салдарынан шаруалардың егінсіз қалар қаупі бар. Бұл ауданда ала жаздай бір тамшы жаңбыр жаумаған. Соның кесірінен  өнім түсімі де төмен болмақ.

Архимед Мұхамбетов айтады, қуаңшылыққа төтеп берудің тағы бір жолы- ол егінжайларды әртараптандыру. Мысал үшін, облыс аумағында майлы дақылдар  ісін қолға алған шаруалар болашақта шикізатты жергілікті зауыттарға өткізу мүмкіндігіне ие. Индустриалды аймақта қытайлық  инвесторларымен бірлескен кәсіпорын ашылмақ.    Осы ретте Жітіқарадағы Желқуар серіктестігінің де жоспары жоқ емес. Болашақта жерді  суландыру технологиясы  арқылы экспортқа бағытталған өнімділігі жоғары дақылдар  егу ісін жандандырмақ.  Жоңышқа, жүгері егіп, оны Иран, Қытай елінің нарығына шығаруды көзздейді.

Ауданға жасаған іс сапары барысында өңір басшысы жылу энергетикалық коммуналдық кәсіпорнының ахуалымен таныситы.   «Моноқалаларды дамыту» бағдарламсы шеңберінде мұнда жақында  3 жылу қазандығы жөнделді. Кәріз желілерін қалпына келтіру жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады. Бұл  өз кезегінде тариф бағасын реттеуге жол ашпақ. 

БИЫЛ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН 106 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

Бұдан соң ,  облыс әкімі  Қостанай облысы  Жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысына қатысты. Өскелең ұрпақ арасында патриотизмді дамыту, жастарды еңбекке аралстыру, кәсіпкерлікке баулу. Бұл жастар саясатын дамытудағы негізгі бағыттар. 

Жастар саясатын  қолдауға бағытталған қаражат көлемі облыста  40 пайызға өсіп,  336 млн теңгеден асқанын айтады  жауапты орган басшылары. Биыл мемлекеттік тапсырыс  аясында 106  жоба жүзеге асырылады . Жыл басында студенттерге арналған 29 бос жұмыс орындар  жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде 600- ге жуық  жас    мекеме, кәсіпорындарға жолдама алып, лайықты жұмыспен қамтылды. 

Аймағымызда істің көзін тапқан жастар  да аз емес. Сала мамандарының дерегіне сенсек, «Бизнестің жол картасы» аясында  жастардың бастамасымен 82 жоба іске қосылды. Биыл 3 жоба мақұлданды. «Жас кәсіпкер» жобасына  жітіқара ауданында 60 адам  қатысты.  Олар өздерін ғана емес, өзгелерді де еңбекпен қамтуда.  Қостанай облысы  Жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында  алдағы мақсат- межелерді белгілеген облыс әкімі    жаңадан іске қосылған су бұрқақты айналып өтпеді. Сәні мен сәулеті үйлесім тапқан нысанды салуға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады. Ауданның береке- бірлігін айқындаған бұл жалғыз бастама емес. Ауыл халқының игілігне Дене шынықтыру және сауықтыру кешеніпайдалануға берілді. 

ЖАҢА СПОРТТЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

1 жылға жуық уақыт жүргізілген нысанның құрылысына жұмсалған қаражат  440 млн теңгеге тең. Мұнда күреспен  шұғылдану үшін арнайы   заманауи залдар қарастырылған. Жөндеу жұмыстарның сапалы орындалғанын атап өткен аймақ басшысы  Спорт министрлігімен жасалған меморандум аясында жақын жылдары Қостанай облысының аумағында осындай тағы  6  спорттық сауықтыру кешендері тұрғызылатынын жеткізді.   Бұл бұқаралық спортты дамытуға салмақты үлес қоспақ. 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
20:34, 21 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...