ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

99 ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУ БАСУ ҚАУПІ БАР

20:03, 11 наурыз 2020

Қостанай облысында 99 елді мекенді су басуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметі осындай болжам жасап отыр. Ол жерлерде 10 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Облыстың оңтүстік аудандарында наурыздың ортасына таман жаппай қар ери бастайды. Ал солтүстік бөлігінде су тасқыны сәуір айында басталады деп күтіліп отыр. Қызыл суға қарсы жүргізіліп жатқан шаралар туралы тілшіміз баян етеді.

Қарасу ауданы –қауіпті аймақтардың бірі. Себебі мұндағы қардың қалыңдығы былтырғыдан екі есе көп. Аудандағы 14 елді мекенді су щайып кетуі мүмкін. Осыдан үш жыл бұрын бөгеттер жырылып, жергілікті халық біраз зардап шегіп еді. Биыл қызыл судың алдын-алуға барынша қам жасалып жатыр. Бұл мақсатқа 7,5 миллион теңге қаржы бөлінген.

Жақын күндері шұғыл штаб мүшелері су басу қаупі бар аумақтарпды жоғарыдан бір шолып шықпақшы  Одан кейін Тобыл, Аят, Қарасу өзендерінде  бір мезетте мұз жару жұмыстары басталады. Қазіргі кезде су басуы мүмкін елді-мекендерде тасқынның алдын-алу шаралары қолға алынған.

Өңірде қардың орташа қалыңдығы 60 сантиметр, кей жерлерде бір метрге дейін жетеді. Сондықтан қар күрт ерісе алқаптардан келетін ағынды су аз болмасы анық. Ал жергілікті мамандар Тобыл өңірінің су қоймалары сырттан келетін суды қабылдауға толық дайын дейді.

Қазіргі кезде облыстың оңтүстік аудандары басты назарда. Ол жақтарда бір аптадан кейін қар ери бастайды Ал өңірде 3,5 мың адам, 800 техникадан тұратын шұғыл топ жасақталған. 

Тақырып бойынша материалдар

2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА  381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
20:30, 2 маусым 2020
2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫСТА 381 ЦИФРЛЫҚ ФЕРМА САЛЫНБАҚ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...