ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

20:34, 11 қазан 2019

Облыс орталығында барлық деңгейдегі әкімдердің басын қосқан жиын өтті. Мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер қозғалды. 9 ай төңірегінде тындырылған толайым тірліктер жайында облыс әкімінің орынбасарылары мен кеңеске шақыртылған бірқатар басқарма басшылары баяндама жасады.

Осы жылдың 9 айында атқарылған ауқымды жұмыстар мен оң көрсеткіштер өңір экономикасының тұрақты түрде даму үстінде екендігін аңғартты. Барлық салада өсім бар. Кіріс айтарлықтай молайып, ішкі жалпы өнім көлемі бойынша нәтиже біршама түзелген.

Жиында өңір басшысы барлық деңгейдегі әкімдерге әлеуметтік салаға қатысты мәселелерге мейлінше мән беру керектігін айтты. Мәселен, облыста нан бағасы мен қатты отын құнының көтерілмеу керектігін ескертті.

Әлеуметтік салаға қатысты тақырыпты одан ары жалғастырайық. Бұл ретте баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының облыста қай деңгейде іске асып жатқандығын жеткізді.

Жасыратыны жоқ, жұмыспен қамтуға негізделген мемлекеттік бағдарлама барлық аудандарда бірдей оң нәтижеге ие емес дегенді айтты облыс әкімінің орынбасары. Алайда, алда келе жатқан аудандарды, тіпті ауылдық округтерді тілге тиек етуден еш тартынбады. Мысал үшін, Амангелді ауданына қарасты Үрпек ауылы өзгелерге үлкен үлгі болып отыр.

Нақты нәтижелер мен көлемді көрсеткіштер жария етілген жиында өңір басшысы бұнымен тоқтап қалмау керектігін айтты. Ортақ міндеттер сәтті орындалған аудандарға оң баға беріп, сылбырлық танытқандарға ескерту жасады. Қысқасы, жылдың соңына дейін биылға бекітілген жоба - жоспарларды жүз пайыз жүзеге асыру керектігін тапсырды.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
20:30, 10 маусым 2020
МӘЖІЛІС РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
20:30, 1 маусым 2020
ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Толығырақ...
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
20:21, 1 маусым 2020
АҚБӨКЕН ТӨЛДЕЙТІН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар