ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

3 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЭКОНОМИКАДА ӨСІМ БАР

18:00, 16 сәуір 2018

Еліміздің индустриалды өңірі ретінде Қостанай облысы биылғы жылдың бірінші тоқсанын жақсы нәтижелермен қорытындылады. Өндіріс көлемі өскен. Инвестицияның нақты көлем индексі 131 проценттен асты. Өңдеу өнеркәсібінде де ілгерлеу бар. Көлік құрастыру 2,5 есге өсті. Биылғы жылдың соңына дейін 12 мың бірлік машина шығару көзделген. Денсаулық сақтау саласында жаңа емдеу мекемесі ашылмақ. Ал, Лисаков, Жтіқара, Арқалық қаласында жаңа балабақша пайдалаунға беріледі. Бұл, жұмыстар мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында қолға алынбақ. Биыл осы бағытта 61 жоба жүзеге асырылады. Олардың жалпы құны 22 млрд теңгеге бағаланған.

Алқалы жиынға басқарма басшылары мен бейне байланыс арқылы аудан, қала әкімдері қатысты. Ерлан Спанов 3 айдың қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстарға есеп берді. Баяндамашының мәліметінше,экономиканың бірқатар салаларында  өсім  бар.  Өнеркәсіп өндірісін алар болсақ,  192 млрд теңгенің  өнімі өндірілді. Былтырғы кезеңнен 13 процентке көп. Тау - кен өндірісінде де көрсеткіштер едәуір жақсарған.  Алғашқы тоқсанда  темір кені, асбест, боксит, мыс концентратының өндірісі өскен.  Кесте Нақты көлем индексі барлық  аудандарда 100 пайыз деңгейіне жеткен. Сандармен сөйлер болсақ, өнеркәсіп - 113 %, ауылшаруашылығы 105.9 , негізгі капитал инвестиция - 131. 2% ,  құрылыс 123, 2 %, тұрғын үй құрылысы 114, 8 %, бөлшек сауда айналымының көлемі - 102. 6  пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде де алға ілгерлеу бар. Өсім 13 пайыз. Оған  машина жасау,  металлургия,  тамақ және  суысындар  өндірісінің артуы салмақты үлесқосты. 
 

Индстриалды аймаққа 3 млрд 200 млн теңге бағытталмақ. Машина жасау өндірісі де   оң нәтиже көрсетті. 

12 мың көлік. Жылдың соңына дейін жергілікті зауыт  осынша бірлік машина  құрастырмақ.  Белгіленген меже  - былтырғы деңгейден 2,5 есе көп.

Мал шаруашылығы экономиканы алға сүйрейтін сала. Ерлан Спанов өзінің баяндамасында  Тобыл өңірінде төлдердің өсіп жатқанын жеткізді. Тек ,құстың саны ғана азайған. 3 айдың қорытындысына арналған  жиында Архимед Мұхамбетов   кейбір аудан  әкімдерінің   жұмысын сынға алды. Оған себеп те жоқ емес. Денисов, Қамысты, Қарасу аудандарында ет, сүт, жұмыртқа өндірісі төмендеген. Архимед Мұхамбетов «барға қанағат етпей, мал шаруашылығын дамытуда жұмысты ширатуды» тапсырды. Ерлан Спанов  және де «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалуы төңірегінде баяндады.

Осы аталған аудан, қала әкімдеріне айтылған сын-ескертпе аз болмады.  Ендігісі, одан нәтиже шығару - деді өңір басшысы. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 61 жоба жүзеге асырылады. Олардың  жалпы құны 22 млрд теңгеге бағаланған. Биыл облыс орталығында 2 ірі спорттық нысан пайдалануға беріледі. Ал, денсаулық сақтау саласында Федоров ауданына қарасты елді - мекенде  фельдшер – акушерлік бөлімше ашылады. Арқалық, Лисаков, Жітіқара ауданында 3 ғимарат балабақша ретінде елдің иіглігіне  жаратылады. 

Экономикадағы оң өзгерістер  әкімдердің жоғары  ұмтылысын байқатса керек.  Ендігісі-  өсімнің оң қарқынын сақтап,  бөлінген қаражатты мерзімінде  игеруді тапсырды облыс әкімі. 

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП
20:33, 17 шілде 2018
АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП
Толығырақ...
 ЖІТІҚАРА АУДАНЫНДА 286 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
20:30, 17 шілде 2018
ЖІТІҚАРА АУДАНЫНДА 286 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...