ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

20:32, 16 қыркүйек 2019

Облыс орталығында құрылыс қарқынды. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Және де көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» жобасы аясында 192 өтініш қабылданса, оның 78-і мақұлданды. Дегенмен, бұл жобамен қамту көрсеткіші төмен екенін жасырмады сала мамандары. Облыс әкімі жергілікті жерлерде жұмысты жүйелендіру керектігіне мән берді.

Биыл 8 айда 231 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін жалға берілетін  8 тұрғын үйдің құрылысына 3 млрд 12 млн. теңге бөлінді. Оның біреуі тапсырылды, ал 4 нысан жыл соңына дейін бой көтермек. Бюджеттік қаражаттың 1,3 млрд теңгесі игерілді. 2020 жылы 6 жалға берілетін баспана салу жоспарланған.  Оған ел қазынасынан 1, 6 млрд теңге қарастырылады.

«Әуежай» ықшам ауданында 34 көпқабатты баспана салынды. Жаңадан тағы 7 ғимарат бұл жерде бой көтереді. 2020 жылы 4 нысанның құрылысы аяқталмақ. Бұл шамамен 180 пәтер. «Юбилейный» шағын ауданы құрылыс саласында сәтті жүзеге асып жатқан тағы бір жоба. Мұнда - 47 баспана тұрғызылады. Оның 18 – і қолданысқа берілді. Жыл аяғына дейін 9 үйде қоныс тойы тойланбақ. 2020 жылы – 4 нысанның құрылысы басталады. Инженерлік - инфрақұрылымға 3,9 милиард теңге бағытталды. Қонай ықщам ауданында заманауи үлгідегі 35 қабатты үйлер салынады. Келер жылы аумағы 60 мың шаршы метр 19 бюджеттік баспана құрылысы басталады. Инженерлік желілерге 5,6 млрд теңге жұмсалды. Оның жартысынан көбі игерілді. Ал, Береке ықшам ауданындағы құрылыс алаңы - 100 гектарға тең. Жалпы жоспарда 72 нысан деп көрсетілген. Шамамаен  - 6 ,5 мың отбасы баспана бақытына бөленбек. 

Көп балалы отбасыларды баспанамен қамту жұмыстары да назардан тыс қалмайды. Биыл осы мақсатта 107 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 900 млн теңге бөлінді. Келер жылға бөлінген қаражат 1,4 млрд теңгеден асады.  Аппарат жиналысында  «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бақытты отбасы» жобасының жүзеге асырылу барысы сондай- ақ талқыға салынды.  Кемшіліктер бар екенін айтты аймақ басшысы.

Тұрғын үй саласын өркендетуге кәсіпкерлер де атсалысуы тиіс. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан қалаларда осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Тұрғын үй құрылысы жы сайын 10 пайыз өсімді қамту керектігін қадап айтты.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
20:37, 21 қазан 2019
ҚОСТАНАЙДА ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН КӨЛІКТЕРГЕ СҰРАНЫС АРТҚАН
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:39, 17 қазан 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...