ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

2018 – 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

20:30, 10 қазан 2018

Инфрақұрылымдық жобалар қаражатсыз қалмайды. Биыл Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылына газ құбырын тартуға жарты млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінбек. Мәслихат сессиясында 2018 – 2020 жылдарға арналған облыс бюджеті қайта қаралып, нақтыланды.

Облыс бюджетінен 2 млрд теңге көлемінде үнемделген қаражат бар. Артылған  ақша маңызды, қажетті салаларға жұмсалады. Облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымының кезектен тыс сессиясында халық қалаулыры осы мәселені  нақтылады.   452.6 млн теңге газды бөліп тарату жүйесінің құрылысына  және нысанды   пайдалануға беру жөніндегі   техникалық төлқұжатты әзірлеуге бағытталмақ. Инфрақұрылымдық жоба Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылының 2400- дей абонентін  көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді. 

Қосымша қаражатты қажет ететін барлық жобалар бойынша құрылыс тоқтамайды. Мердігерлер анықталды. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары баяндағандай, биылға белгіленген жобалардың барлығы тиісті мерзімде тапсырылады. Қаражатты игеру жағынан да қиындықтар тумайды деп сендірді.  

Жалпы экономикаға қан жүгіртетін қаржы мәселесі отырыста жан-жақты талқыланды. Атқарлыған істің барлығы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтауға бағытталғанын айтты аймақ басшысы. Ендігі ортақ міндет – қазына қаражатын ысырап қылмай, тиімді игеру. 

Күн тәртібінде қойылған  сұрақтар  облыста іске асырылатын мемлекеттік  - жекеменшік әріптестік  негізіндегі жобалардың тізімін бекіту жөніндегі ұсыныстарды халық қалаулары бірден қолдады.

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
20:36, 18 қазан 2018
САНДЫҚ ЖҮЙЕ АУЫЛДЫҚТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ
Толығырақ...
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
18:12, 17 қазан 2018
ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
20:37, 15 қазан 2018
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...