ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

163 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

20:39, 22 мамыр 2020

Облыста төтенше жағдай кезінде жұмыстары уақытша шектеуге ұшырап, кірісінен айырылған 163 мың 71 адамға 6 миллиард 930 млн теңге өтемақы тағайындалды. Тұрмысы төмен отбасыларға түрлі қоғамдық қорлар мен бірлестіктер де демеушілік көмек көрсетті. Бұл жұмыстар Қостанай ауданында да жалғасын тапты.

Биыл әлемде орын алған пандемияға байланысты мемлекет басшысының тапсырмасыменс тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың арнайы шаралары белгіленген еді. Пандемия кезінде тұрғындарды әлеуметтік қолдау шараларына кәсіпкерлер мен түрлі қоғамдық қорлардың өкілдері де белсене ат салысты.Оларға мұнан да басқа түрлі материалдық жәрдем жасалды. Анаргүл Арғынғазина бес бала өсіріп,тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.Ол: «биыл мемлекет тарапынан көп балалы отбасыларға қомақты көмек көрсетілді.Осының арқасында әзірге тұрмыстың таршылығын сезіне қойған жоқпыз»деп санайды,Оның бұл пікірін халықты әлеуметтік қорғау саласының мамандары да қостайды.Биыл көктемде орын алған пандемия көптеген жұмыстың жүйелі жүзеге асуына кері әсерін тигізді.Алайда, жұмыссыздықты шектеуге арналған мемлекеттік бағдарламалар өзінің жалғасын табуда.Тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты шектеу мен еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарды жұмыспен қамтамсыз ету де басты назарда болмақ.

Самат Ерсаин

Тақырып бойынша материалдар

НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
20:29, 27 мамыр 2020
2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫС БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...