Головкин - Джейкобс жекпе-жегі «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде!

Жексенбі күннің негізгі жекпе-жегі – Головкин VS Джейкобс кездесуін өткізіп алмаңыздар!

15:36, 17 наурыз 2017   297

19 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) арасында жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 08:00-де.

Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Қарсыласы Дэниел Джейкобс - орта салмақ дәрежесіндегі WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы (2014 жылдан бастап) және NABF нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы (2010). Кәсіби рингте 33 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет қана жеңілістің ащы дәмін татып көрген. Америкалық боксшыны ресейлік Дмитрий Пирог нокаутқа жіберген болатын.

Бұл жекпе-жек Геннадий Головкиннің WBA (Super) нұсқасы бойынша суперчемпион титулын 17-ші рет қорғауы болмақ.

 «Қазақстан» мен «Kazsport»  телеарналары көрсетіп келген  Головкин кездесулерін телекөрермендер белсенді түрде қолдап келеді,  оған екі арнаның жоғары рейтингті көрсеткіштері дәлел.   Бұл жолы да жанкүйерлер Генаның жекпе-жегін асыға күтіп, отандастарына  қолдау көрсетеді деген ойдамыз!

Жексенбі күннің негізгі жекпе-жегі – Головкин & Джейкобс кездесуін өткізіп алмаңыздар!

19 наурыз, 08:00-де тікелей эфирде!

 

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44