ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

20:35, 30 қаңтар 2020

Шілде айынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. Қазір ең төменгі айлық елдегі орташа жалақының 20 пайызына ғана тең. 2023 жылға дейін біртіндеп өсіп, орташа жалақының 30 пайызына, яғни шамамен 70 мың теңгеге дейін жетпек. Мәжіліс депутаттары үкіметпен аймақтардағы кездесулер кезінде көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мәселесі де көтерілді. Қазір заң бойынша 4-7 баласы бар отбасыларға ғана белгілі мөлшерде төлем қарастырылған. 1-2-3 баласы барларға жәрдемақы тағайындау ел қазынасына ауыр салмақ болып кетеді. Ал, 8 және одан да көп баласы барларға қатысты өзгерістер жоспарланып отыр. мәжіліс депутаттары өңірлердегі кездесу кезінде көтерілген барлық сұрақтың шешілуі жіті бақылауда болатынын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар