Димаш Құдайберген «Singer» байқауының тоғызыншы кезеңінде 2-орын алды

Димаш бұл кезеңде екінші болып өнер көрсетіп, әлемге танылған «All by Myself» әнін орындады.

13:15, 10 наурыз 2017   209

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының тоғызыншы кезеңінде екінші орынды иемденді, деп хабарлайды qamshy.kz порталы.  Тоғызыншы кезеңнің қортындысы бойынша орындар төмендегідей сарапталды:

1. Линь Чжисюань

2. Димаш Құдайберген

 3. Lion тобы

4. Sandy

5. Ли Цзянь

6. Лян бо

7. Пэн

8. Джияхуэй

Чжан Цзе Байқаудың финалына тек бір кезең қалды. Ал жобаға қатысушы бастапқы жеті әншіден Димаш, Sandy және Lion тобы жобадағы жолдарын жалғастырып келеді. Еске сала кетейік, байқаудың сегізінші кезеңінде Димаш тамағының ауырып қалғанына қарамай, қытайша «Таң атты» әнін айтып, бесінші орынды иеленді. Сегізінші кезең Қытай телеарналарынан 11 наурыз күні көрсетіледі. Ал тоғызыншы кезең18 наурызда.
 

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44