ШҰҒЫЛ! COVID-19. КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛМЕК Толығырақ

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ»: 3 МӘДЕНИ НЫСАН ЖӨНДЕЛЕДІ

20:07, 12 мамыр 2020

Елбасы тапрсымасымен әзірленген «Жұмыспен қамту жол картасы» біраз әлеуметтік нысандарды қамтып, елді еңбекпен қамтымақ. Биыл аталған игі бағдарлама аясында 3 мәдени нысанның келбеті жаңартылмақ. Жобаларды іске асыру барысында 75 жұмыс орнын ашу қарастырылған. Аймақ басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте осы мәселе талқыға түсті.

Мәдениет басқармасы басшысының мәліметінше, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға бөлінген қаржы көлемі 298 млн теңгені құрайды. Оның қомақты көлемі Арқалықтағы «Дала өлкесі тарихы» музейін» күрделі жөндеуге жұмсалмақ. Қостанай ауданының Октябрьское және Заречный елді-мекендеріндегі мәдениет үйлері де қалпына келтірілмек. Құрылыс жұмыстарына 140 млн теңге қарастырылған. Дәл осы мәдени нысанды жөндеу аясында 39 адам еңбекпен қамтылмақ. Бағдарлама шартына сәйкес, оның тең жартысы жергілікті Еңбекпен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналаспақ. Мердігерлер мұражайдың құрылысын қыркүйек айында аяқтаймыз деп отыр. Қостанай ауданындағы Заречный ауылындағы «Современник» мәдениет үйіне де ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қостанай ауданына қарасты Октябрь ауылындағы «Мерей» мәдениет үйінің де биыл келбеті жаңартылмақ. Құрылыс жұмыстары кезінде 13 жұмыс орны құрылады. Өңір басшысы жауапты сала мамандарына құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысанды мерзімінде тапсыруды міндеттеді. Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасы әлеуметтік саланы әрлендіріп, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...