ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

«ЖҰЛДЫЗДАР ТОҒЫСҚАНДА»: ҮЛКЕН ЭКРАНДА – ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ТУЫНДЫ

18:18, 3 мамыр 2016

Тәуелсіз еліміздің тағдыры үшін тәуекелге бел буған Елбасының ерен ерлігін баяндайтын тағы бір тың туынды дүниеге келді. Сәуір айының 27-сінде үлкен экранға жол тартқан жаңа фильм кезегі келіп қостанайлық көрермендердің де назарына ұсынылды. Ел тарихындағы елеулі кезеңге шолу жасайтын шынайы шығарманың тұсаукесерін біздің түсіру тобы да тамашалады.

  Фильм 1984-ші жыл және 1991-ші жылдардағы біздің еліміздегі саяси оқиғалар мен экономикалық кезеңді сипаттайды. Туынды жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, соның ішінде, Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Бұдан тыс, картина Тұңғыш Президенттің елді реформалаудағы рөлі, сондай-ақ, оның бүгінгі таңда жаһандық ауқымдағы жобаларға айналған бастамалары жөнінде терең әңгімелейді. Фильм режиссері – ресейлік киногер Сергей Снежкин. Кинолента Алматыда және Алматы облысында, Астана, Қарағанды сол секілді Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында түсірілген. Картинаны сомдау барысында түсірілімдерге он мыңға жуық адам тартылған.

  Бұл шығарманың шынайылығы – Елбасының Тәуелсіздіктің қарсаңы мен алғашқы жылдарындағы, қайраткерлік бет-бейнесін дәл беруінде деуге болады. Тәй-тәй басқан тәуелсіз Қазақстанның абыройы мен мүддесін алпауыт елдер басшылары алдында қорғай білуі Назарбаевтың парасаттылығын паш етеді. Кинотуындының сарынына мән беретін болсақ, ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянын жазу үшін онымен кездесуге қол жеткізеді. Алайда, шетелдік журналист пен Президенттің сұхбаты үлкен саясаттың тарихына үңілген салиқалы саяхатқа ұласқан.

 Үзіліссіз үш сағатқа созылған үздік туындыны тамашалап, саясатқа саяхат жасап, Елбасы өмірбаянының оның ерен еңбегінің бұрын біз білмеген тұстарын танып, еліміз үшін атқарған қызметінің мәніне қанығып көрермендер риза көңілмен тарасты.

Тақырып бойынша материалдар

Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылады
18:21, 9 тамыз 2017
Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылады
Толығырақ...
"Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмі қазақ тілінде тамашаланды
13:32, 12 шілде 2017
"Өрмекші адам. Қайта оралу" фильмі қазақ тілінде тамашаланды
Толығырақ...
Амангелді ауданы. «Мен қазақпын» - төл өнерді төрге шығарды
16:03, 9 маусым 2017
Амангелді ауданы. «Мен қазақпын» - төл өнерді төрге шығарды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
15:27, 15 қыркүйек 2017
«Ұлы даланың ұлы тұлғасы» конференциясы
Толығырақ...