ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЖАЗБА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

13:10, 13 наурыз 2019

Қостанай қаласы мен Қазақстанның халық ақыны Омар Шипиннің 140 жылдығы және Алаш арысы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай «Құтты мекен – Қостанай» атты республикалық жазба ақындар айтысы жарияланды. Жыр жарысына мұрындық болған - Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қостанай таңы» газеті. Шымыр шумақтар мен сұлу сөз сайысының талап-шарттары қандай? Конкурсқа кімдер қатыса алады? Тілші әңгімелесін.

Аталмыш айтыстың мақсаты - ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту, «Фольклор мен музыканың мың жылы» арнайы жобасын ілгерілету, «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында тобылдық тау тұлғалардың шығармашылық мұрасын таныту. Өтетін мерзімі осы жылдың наурыз-шілде айларының аралығы.

Қатысушыларға қойылар талаптар мынау: айтысқа облыс және республика ақындары қатысады. Олардың жасына шектеу қойылмайды. Ақындардың сөз өткірлігі мен тапқырлығы айтыс мәтінінің көркемдік деңгейі, берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі, қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі бағаланады дейді ұйымдастырушылар.     

Айтыстың жеңімпаздары арнайы құрылған қазылар алқасы шешімімен анықталады. Жүлдегерлер 1, 2, 3-орын сыйлықтарымен марапатталады. Айтыс қорытындысы Астана күні мерекесі қарсаңында шығарылады. Марапаттау қорын облыстық ішкі саясат басқармасы ұсынып отыр. Ұйымдастыру жұмыстарын «Қостанай таңы» редакциясы қамтамасыз етеді.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
20:56, 18 наурыз 2019
АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
18:06, 13 наурыз 2019
"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар