ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

20:39, 28 қараша 2019

Ел ертеңі – жастардың қолында. Осындай атаумен Жітіқара жастарының он бірінші форумы өтті. Жылдан-жылға жалғасын тауып келе жатқан жиында «Жастар жылы» атқарылған жүйелі жұмыстар қорытындыланып, болашаққа жоспар құрылды. Форум барысында түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жалынды жастар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Бұл – Жітіқара ауданының жастары. Жастары белсенді ауданда бүгінде 14 пен 29 жас аралығында 8 мыңдай азамат мекен етеді. Бұл жалпы тұрғын санының 17 пайызы.  Жыл жастардікі деп жарияланғандықтан, ауданда жастар жылында атқарылатын ауқымды шараларға қомақты қаржы бөлінген. «Еліміздің қарқынды түрде дамуы төменгі толқынның тындырар тірлігіне тікелей баланысты. Отанымыздың озық елдер қатарынан орын тебуіне де осы жастардың қосар үлестері қомақты». Бұл - болашақты бағамдай білген Елбасының нақты пікірі. Нақты пікірден нәтиже шығара білу - жастарға жүктелген жауапкершілік екенін айтты аудан әкімі.

Көзі ашық, көкірегі ояу жастарға тұтас елдің сенім артып отырғанын олардың өздері жақсы түсінеді. Жүктелген жауапкершіліктің салмағын сезеді. Сондықтан да, жітіқаралық жастар: «Біз ел ертеңі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, аянбай тер төгеміз», - дейді. Сөзден іске көшкендері көрініп-ақ тұр. Атқарып жатқан міндеттері де нәтижелі.

Ағымдағы жылы Жітіқара ауданында «Жітіқара-Арена» спорт нысаны салынып, облыстық «Тың – 2019» олимпиадасы өтті. Ауданда мемлекеттік бағдарламалардың  шарапатын көріп отырған жастар да жетерлік. Мемлекеттің қолдауымен биылдыққа жас медицина мамандарына  құны 20 млн теңгені құрайтын 6 пәтер берілген. Жітіқаралық жастар аудан өміріндегі елеулі өзгерістер мен  жақсы жетістіктерді мүлт жібермей үнемі назарда ұстайды. Аталмыш форумның пікір алмасып, тәжірибе алысуында септігі зор дейді жастар.

Аудан жастарының қол жеткізген жетістіктері де көпшілік алдында жарияланды. Аудандық форумда алдағы уақытта атқарылар тың тапсырмалар тілге тиек етілді. Осы күнге дейін ортақ міндет – Отанымызды көркейтуге өздерінің үлестерін қосқан  жастар аудан әкімінің қолынан марапат алды.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ «АЛТЫН КІТАБЫ» ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
20:49, 10 желтоқсан 2019
АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ «АЛТЫН КІТАБЫ» ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРҒАН БАСҚОСУ
20:46, 9 желтоқсан 2019
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРҒАН БАСҚОСУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...