ШҰҒЫЛ! ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ Толығырақ

«ЖАС ӨРКЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

20:35, 23 мамыр 2019

«Республика - Өңір - Даму» қоғамдық қоры «Халық сүйіктісі» атты ұлттық сыйлығының аясында республикалық «Жас өркен» балалар сыйлығын тағайындады. Ол талантымен танылып, еңбегімен көзге түскен балалар мен балалар ұйымдарына беріледі. Бірнеше жыл бойы іске асып келе жатқан жарыстың жеңімпаздарын марапаттау тұңғыш рет Тобыл төрінде өтті.

Өрімдей өрендердің өнерін дамытып, жаңа есімдерді ашуға арналған сыйлықтың талап-шарттарын байқау бастамашылары өңірлік коммуникациялар қызметінде баяндады. Айтуларынша, аталмыш өнер бәйгесі осымен ел көлемінде сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Байқауға барлығы 56 өнерпаз қатысып, олардың 14 номинация бойынша 28-і ғана марапатталды. Үздіктер тізіміне түрлі салада топ жарған жас дарындар кірген. Байқаудың тәртібі бойынша, талантты балалар жылына бір-ақ рет салтанатты түрде марапатталады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас таланттарды марапаттау рәсіміне аймақ басшысы арнайы қытысып, құт қонған Қостанай жерінде бас қосқан дарынды балалардың болашағынан зор үміт күтетіндігін айтып, оларды жеткен жетістіктерімен құттықтады.

Байқаудың басты сыйлығымен биыл Мәскеудегі «Голос. Дети» жарысында екінші орын алған Ержан Максим марапатталды. Ол республикалық балалар сыйлығының «Жыл қалауы» номинациясын жеңіп алды. Салтанатты жиын соңында ел намысын асқақтатып жүрген жас өнерпаз қостанайлық өнер сүйер қауымға ән шырқап, үлкен қошеметке бөленді. 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА
20:57, 21 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒА...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
20:45, 20 тамыз 2019
ҰЛТТЫҚ ЭТНИКАЛЫҚ ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕЦЕНАТ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ
20:14, 16 тамыз 2019
МЕЦЕНАТ ҚОС ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА
20:42, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...