ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЖАС АРХИВШІЛЕР ФОРУМЫ

20:58, 15 қараша 2019

Мұрағат қызметі заман көшінен қалмай, қорда жатқан құнды құжаттар мен деректерді пайдалануда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін қолдануы тиіс. Қостанай облысының жас архившілер форумында осындай ойлар айтылды. Жиында мұрағат қызметінің сапасын жетілдіру мәселесі сөз болды.

Форумға қатысушы Тамара Морозова өзінің баяндамасын архивистердің мәртебесін көтеру мәселесіне арнап отыр. Ол Қостанай аудандық мұрғат бөлімінде жұмыс істейді. Мұрағат ісі – мемлекет үшін өте маңызды сала деген пікірде. Себебі, елдің, халықтың өткен тарихынан сыр шертетін құжаттар, көне мәліметтер мен деректердің барлығы мұрағат қорында сақталады. Келешегі зор бұл мамандықты өскелең ұрпақ арасында көп насихатталуы керек дейді ол.

Мемлекеттік мұрағаттар қызметі қазіргі ғасырдың технологияларын пайдаланудан қалыс қалып жатқан жоқ. Мекемелер соңғы кездері заманауи құрылғылармен жабдықталып, құнды құжаттарды электронды жүйеге көшіруде.

Жас архившілер форумында сала мамандарының белсенділігін арттыру, мұрағат қызметінің сапасын жетілдіру мәселелері талқыланды. Жиынға Қостанай облысы мемлекеттік архивінің өңірлердегі бөлімшелерінің өкілдері шақыртылды. Олар құжаттардың сақталуы мен пайдаланылуы тұрғысында тәжірибе бөлісіп, ұтымды ұсыныстар айтты.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
20:30, 9 шілде 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...