
Қостанайдағы Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада белгілі қаламгер жерлесіміз Ақылбек Шаяхметтің «Сенім» атты жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті. Ақынның бұл кітабына туған жер мен оның есімі елімізге кеңінен танымал тұлғалары жайлы өлеңдері енген.
Бұл, есімі әдебиет сүйер қауымға жақсы таныс жерлес қаламгер Ақылбек Шаяхметтің қырық бесінші жыр жинағы. Ақылбек Қожаұлы қазақ әдебиетінің өзге де жанрларында жиі қалам тербегенімен, оның шығармашылығында поэзияның алатын орны ерекше.Ақынның жаңа жыр топтамасына оның табиғат пен махаббат лирикасы, туған жердің тағылымды тарихы мен оның біртуар азаматтарына арнаған толғаулары енген.Кітаптың таралымы- бес мың дана.Мәдениет министрлігінің тапсырысымен жарық көрген.