ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІ

20:52, 13 сәуір 2018

Л. Толстой атындағы облыстық кітапханада қостанайлық ақын Сәрсенбай Ниязбаевтың «Маусым айындағы қар беткейлері» атты өлендер жинағының тұсауы кесілді. Аталмыш туынды туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, соғыс тауқыметі тағы басқа тақырыптарды қамтиды. Лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. Аталмыш шара барысында, қаламгер студенттермен кездесіп, өмір және шығаршылық жолы туралы әңгімеледі.

Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы - махаббат, туған жерге деген сүйіспеншілік, ата-ана парызы екен. “Маусым айындағы қар беткейлері” жинағын ақын анасына арнапты. Осы туындыдағы жыр жолдары арқылы анама деген құрмет пен махаббаты жеткізгім келді дейді, автор.

Аталмыш кітап Сәрсенбай Ниязбаевтың 2-ші төл туындысы. 2015 жылдан бастап ақындық өнерін көпшілік назарына ұсынып келе жатқан оның «Маусым айындағы қар беткейлері» жинағы 1000 дана боп жарық көрді. Жастар да, аға буын өкілдері де ерекше қызығушылық танытуда дейді, ұйымдастырушылар.

Кездесу барысында ақын оқырмандарына жаңа кітапта жарық көрген жаңа өлеңдерін оқып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Әсел Құдайбергенова

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ».  АУЫЛДА ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ
20:33, 10 шілде 2018
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ». АУЫЛДА ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН МҰРАЖАЙ АШЫЛ...
Толығырақ...
«QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДАҒАН ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
08:48, 4 шілде 2018
«QAZAQSTAN» ЖӘНЕ «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАЛАРЫ АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
20:45, 17 шілде 2018
ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
20:30, 16 шілде 2018
ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...