ШҰҒЫЛ! Жаңа тағайындау! Әулиекөлдің жаңа әкімі таныстырылды Толығырақ

«Жаңа есімдер ашамыз» жобасы

20:49, 13 қараша 2017

Островский атындағы кітапхана «Жаңа есімдер ашамыз» атты жобаны іске қосты. Жоба мақсаты кітапхана оқырмандарын, жас ұрпақты туған жеріміздің өнерлі тұлғаларының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау. Аталмыш жоба аясында жас ақын Оразхан Зейнолланың шығармашылық кеші өтті. Іс-шара барысында кітапхана оқырмандары ақының өмірімен танысып, өнерімен сусындады.

Бала күнінен өнерге ғашық Оразхан Зейнолла Торғай өңірінің тумасы. Қазіргі таңда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің 4 курс білімгері. Болашақ журналист. Абай оқуларының бірнеше мәрте жүлдегері. 2014 жылдан «Тұмар» клубының мүшесі болса, биылдан бастап облысымыздың жас қаламгерлері топтасқан «Толқын» студиясының өкілі. Жас ақынның қоржынында 50 аса жыр шумақтары бар. Шығармашылығында туған жер, отбасы тақырыбындағы өлеңдер жиі кездеседі. Қазіргі таңда дін тақырыбында қалам тербеп жүр. Шығармашылық кеште ақынның жыр шумақтары оқылып, «Әже» атты туындысы сахналанды. 

Тақырып бойынша материалдар

ҒАФУ ҚАЙЫРБЕКОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ
13:17, 12 желтоқсан 2018
ҒАФУ ҚАЙЫРБЕКОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМУ» ПОКАЗАЛ УСПЕШНЫЕ БИЗНЕС-ПРОЕКТЫ
18:20, 7 желтоқсан 2018
ОТ ИДЕИ К ВОПЛОЩЕНИЮ. ФОНД РАЗВИТИЯ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА «ДАМ...
Толығырақ...
Инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд. теңге бөлінеді
15:02, 11 желтоқсан 2018
Инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд. теңге бөлінеді
Толығырақ...
Шағын бизнес: «Даму» қорының қолдауымен 52 жоба мақұлданды
18:11, 7 желтоқсан 2018
Шағын бизнес: «Даму» қорының қолдауымен 52 жоба мақұлданды
Толығырақ...