ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ЖАДЫРА» АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ

20:18, 12 наурыз 2020

Қостанайда «Жадыра» ансамблінің концерті өтті. Мәдени шара Ұлы Жеңістің 75 жылдығына және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды. Рудныйлық зейнеткерлерден құралған өнер ұжымы шырқаған халық әндері көпшіліктің көңілінен шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Шәмшия Қайыркенова 16 жылдан бері ансамбль мүшесі. Жасы 62–де. Бұрынғы педагог, қазіргі зейнеткер бос уақытының көбін осындай ән кештеріне арнайтынын айтады. Мақсат – достықты, ұлтаралық татулықты дәріптеу. Ұлттық музыканы, ұлттық аспаптарды насихаттау, дейді.

Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін насихаттап жүрген өнер ұжымына биыл 29 жыл. Репертуарларында әртүрлі тілдегі әндер бар. Құрамындағы 15 адамның көбі зейнет жасындағы кісілер. Олар әртүрлі салада еңбек еткендер. Бүгінде кәсіби әншілерден еш кем емес.      

Айта кетейік, «Жадыра» ансамблі композитор Қайрат Нұрғазиннің бастамасымен 1991 жылы құрылған болатын. Бүгінде облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқаулардың жеңімпазы. 

Олжас Адай

Тақырып бойынша материалдар

21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
20:46, 21 мамыр 2020
21 МАМЫР - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...