ШҰҒЫЛ! «МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Зергерлік бұйымдар көрмесі ашылды

18:19, 12 ақпан 2018

Облыстық көркемсурет галереясында зергерлік бұйымдар көрмесі ашылды. Туындылар топтамасының төл иесі - Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Леонид Игошин. Облыстық және республикалық сайыстарда бәйге бермейтін шебер туындылары АҚШ, Германия, Франция, Белгия сынды мемлекеттердің де көрмелерінен көрініс тапқан.

Леонид Игошиннің туындылары осы уақытқа дейін ел ішіндегіні есептемегенде, 8 халықаралық көрмеге қатысып, шетелдік мамандар тарапынан жоғары баға алған. Қазір де шебер құр қарап отырған жоқ. Оның қолынан туындаған дүниелер бүгінде Қазақстан мен ТМД елдеріндегі көптеген мұражайлардың құнды жәдігері саналады.

Леонид туындыларына дәстүрлі қазақ өрнегі мен ұлттық сарынды қолдану тән. Оның жұмыстары композициялық құрылымдағы тың жаңалықтармен, нәзіктігімен және жеңілділігімен ерекшеленеді. Шебердің шынайы досы - шыдамдылық екендігін жақсы білетін Игошиннің ешқашан асығыстық танытқанын көрген емеспіз. Темір екеш темірдің өзін қамырша илегенде, Леонидтің төзімі темірден де мықты екенін аңғаруға болады, - дейді әріптестері.

Игошиннің көркем туындылары екі әлемнің – яғни, табиғат пен адамзаттың өзара  байланысуынан, мәңгі ізденістегі жан-дүниесінен туындайды. Шебердің шығармашылық ойы, таланты, сезімі, қиялы металл мен тасты табиғаттан бөліп алып, оларды нағыз эстетикалық құндылыққа айналдырады, - дейді көрмедегі көз жауын алар көріністерге көз жеткізген көрермендер.

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ
20:33, 24 мамыр 2018
МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ
Толығырақ...
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
20:45, 23 мамыр 2018
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
20:42, 23 мамыр 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ АУДАНАРАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
20:35, 23 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
20:43, 18 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...