ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

Ю.МАТЮШКОНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

13:28, 12 ақпан 2019

Өнер – өмір айнасы. Дәл осындай атаумен Қостанай облыстық суреттер галереясында қостанайлық суретші Юрий Матюшконы еске алу көрмесі өтті. Шара қылқалам шеберінің 70 жылдығына орайластырылған.

Көрмеге суретшінің туған-туыстары, достары, шәкірттері мен көркем суреттерге қызығушылық танытқан көрермен жиналған. Ал, шараның  өтуіне мұрындық болғандар сырбаз суретшіні сағынышпен еске алысты.

Қылқалам шебері көбіне суреттерін графикалық және аралас  техникамен салған. Көрмеге барлығы 62 туынды қойылған. Галереяның төменгі қабаты кескіндеме суреттерге арналса, жоғарғы қабатта графикалық суреттер орналастырылған. Оның ішінде «Сұлтанға хат», «Шығыс ертегілері» сынды танымал еңбектері бар.  

Юрий Савельевичтің өмірден озғанына биыл 7 жыл. Бұндай сырлы туындылары бар суретшінің есімі қостанайлықтардың есінде ұзақ уақыт бойы қалары анық. Айта кетейік, көрме 1 айға жалғасады.

 

Тұмарым Бабасанова

Тақырып бойынша материалдар

АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
20:56, 18 наурыз 2019
АЛҒАШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
18:06, 13 наурыз 2019
"ӘЛЕМ ТАЛАНТ STARS": ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар