ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙЛЫҚТАР «КОММУНАЛДЫҚ ЛАҢКЕСТІК» ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ Толығырақ

ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

20:53, 29 қараша 2019

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Меңдіқара ауданында мәдениет, спорт, білім саласында жетістіктерге жеткен жастар марапатталды. Үздіктердің есімі жастардың алтын кітабына енді. Салтанатты шарадан соң, жергілікті жұртшылық Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған бокс турнирін тамашалады. Осы іс-шараларға біздің түсірілім тобы да қатысып қайтты.

Меңдіқара ауданында 9 мыңнан астам адам спортпен айналысады. Мұнда тоғызқұмалақ, грек-рим күресі, бокс, волейбол, баскетбол, үстел теннисі жақсы дамыған. Қысқы спорт түрлеріне де қырын қарамайды. Спортшыларының жетістіктері жетерлік, әйтсе де оларды толғандырған мәселелер де бар екен. Бірқатары аудан әкімдігінде өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Дөңгелек үстелде тағы басқа да мәселелер көтерілді. Президенттік көпсайысшыларға қару жетіспейді. Боксшыларға бөлек жаттығатын зал керек. Аудан әкімі мәселелерді рет-ретімен шешуге уәде берді. Кездесу соңында 2019 жылы үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттап, оларға спорт дүкендерінен керек-жарақ алуға сертификат сыйға тартты.

Спортшылармен кездесу Тұңғыш Президент күні қарсаңында жоспарланған іс-шараларға ұласты. Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі көпшілікті мерекемен құттықтады.

Мерекелік бағдарлама аясында үздік жастар марапатталып, ауданның алтын кітабына есімдері енгізілді. Дінмұхамбет Құсайынов – облыста өткен айтыстарда жарқырап өнер көрсетіп жүрген өрендердің бірі. Жас ақын мерекелі кеште арнау орындап, қолдау білдірген аудан басшылығына алғысын білдірді.

Еңбек еткеннің ешбірі елеусіз қалмайды. Спортта, өнерде, білім саласында табысқа жеткен жастардың бәрі сый-құрметке кенелді. Аудан жастарының алтын кітабы биыл 5 есіммен толықты. Бұл бастама 2017 жылдан бері дәстүрге айналған. Мерекелік бағдарламадан меңдіқаралықтар жас боксшылардың бәсекесін тамашалады. Жарыста 24 спортшы бақ сынады.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімі марапаттады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыс жыл сайынғы дәстүрге айналмақ.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ «АЛТЫН КІТАБЫ» ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
20:49, 10 желтоқсан 2019
АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ «АЛТЫН КІТАБЫ» ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРҒАН БАСҚОСУ
20:46, 9 желтоқсан 2019
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРҒАН БАСҚОСУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
20:25, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...